Соңғы жаңалықтар
Сұхбат • 19 Қараша, 2025
Нұрлыбек Нәлібаев: Халық сенімі іске серпін береді
Кейінгі жылдары Сыр өңіріндегі өрісті бастамалар туралы жұрт лебізін жиі естиміз. Аз уақыт ішінде қай сала бойынша да көш басына шыққан аймақта тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы бастамалар да нәтижесіз емес. Жұрт игілігіне жарайтын жобалар жүзеге асып жатқан өңірдегі оң өзгерістер туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тарата айтты.
Қаржы • 19 Қараша, 2025
Жастардың қаржылық сауаты арта түскен
Еліміздегі қаржы мәдениеті мен ақшаға деген жауапкершілікті насихаттаудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, жастардың қаржылық сауаттылығы қаншалықты деңгейде деген заңды сұрақ туындайды.
Өшпес даңқ • 19 Қараша, 2025
Жоғары атаққа ие болған медбике
Ол Халықаралық «Қызыл Крест» қоғамының «Флоренс Найтингейл» медалінің иегері еді. Иә, майдангер Рәзия Ысқақованың туғанына 103 жыл толып отыр. Шымкент жоғары медициналық колледжіне арнайы барғанымызда, 2016 жылы Халықаралық «Қызыл Крест» қоғамының «Флоренс Найтингейл» медалінің иегеріне арнап орнатылған ескерткіш тақта көзімізге оттай басылды. Арнаулы орта оқу орнының директоры Ғалым Әбіш, директордың орынбасары Мұхтар Әбдіханов, әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлмира Дәрібаевамен жолығып, майдангер Рәзия Ысқақова туралы ғылыми-конференция, оның көзін көргендермен кездесу, «дөңгелек үстел» мәжілісі ұйымдастырылып жатқанын білдік.
Тағзым • 19 Қараша, 2025
Адам өмірінің шынайы құны оның артында қалдырған ізінен, ел жадында сақталған өнегесінен танылса керек. Ел игілігіне жарау – пенденің маңдайына жазылған ең ұлы сынақ әрі ең ұлы мүмкіндік. Расында, өмірдің мәні де – оның ұзақтығында емес, мазмұнында. Кей адам жалғанның жарығына келіп, ғасыр жасаса да, ізі білінбей өте шығады, ал енді бірі өмірін ізгілік пен еңбектің нұрына шомылып, артында өшпес өнеге қалдырады. Ғибратты ғұмыр иесі деп біз әдетте сондай жандарды атаймыз.
Бизнес • 19 Қараша, 2025
Өнеркәсіптің өрісі кеңейіп келеді
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы – өнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Аудан экономикасының жетекші саласы – өнеркәсіп өндірісі. Мұндағы кәсіпорындарда 6,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл аудан өнеркәсібінің жалпы өнімінің 90 пайызын құрайды. Сондай-ақ өңірдегі 18 ірі жүйе құраушы кәсіпорынның жетеуі Қарасай ауданында шоғырланған.
Ғалам ғажаптары • 19 Қараша, 2025
Қарғаның есте сақтау қабілеті бар
Ғалымдар қарғаның ойлау жүйесі кейбір маймылдардан да жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Ең қызығы – қарғалар адам жүзін есте сақтап қалады.
Спорт • 19 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында таеквондодан Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді. 82 кг салмақта сынға түскен жерлесіміз финалдық сайыста өзбекстандық Марат Мавлоновтан аса алмады. Ал Нұрбек Ғазез (67 кг) қола медаль олжалады.
Ғалам ғажаптары • 19 Қараша, 2025
Көбелек туралы біздің танымымыз көбіне оның нәзік сұлулығымен шектеледі. Алайда ғылым бұл жәндіктің тылсым қабілеттерін әлі толық аша алған жоқ.
Мәдениет • 19 Қараша, 2025
Астана қаласындағы Ұлттық музейде Эстония Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырылған «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты көрме ашылды. Көрме Эстонияның ұлттық мәдениетінің маңызды бөлігі саналатын қолғап тоқу дәстүріне арналған.
Ғалам ғажаптары • 19 Қараша, 2025
Тақырыпты оқып, бұл әлдебір ерекше қуатты темір технология туралы деп ойлаған шығарсыз. Алайда әлемдегі ең қуатты дерекқор – адам.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, аталған жағдайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
Жәдігер • 19 Қараша, 2025
Орал қаласында Кеңес Одағының батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейі 1982 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Музей тарихи ғимаратта, 1932–1934 жылдары Мәметовтер отбасы тұрған үйде орналасқан. Міне, осы жерде дәрігер Ахмет Мәметовтің жеке мөрі сақталған.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Компрессорлық станса іске қосылды
Таразда автогаз толтыратын компрессорлық станса іске қосылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты, деп хабарлады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қараша, 2025
Қостанайда Корея – «Таңғы шық» елінің мәдениет фестивалі өтті. Король Седжон атындағы институт ұйымдастырған мереке аясында қала тұрғындары кәріс халқының дәстүрлі тағамдарынан дәм татып көріп, ұлттық ойын түрлерімен танысты.
Тұлға • 19 Қараша, 2025
Алаш арыстары тәуелсіздік көгіндегі самсаған жұлдыздар іспетті. Олар жақындаған сайын алыс, алыстаған сайын рухымызға жақындай берері даусыз.
Үкімет • 19 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы өрттің себебі анықталып жатыр
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеп-тексеру бойынша құрылған Үкіметтік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
112 жіберетін хабарламаларға неліктен назар аудару керек?
Дауылды ескерту – бұл қауіпсіздіктің сана мен дайындықтан басталатынын еске салатын маңызды сигнал. Уақытында қабылданған сақтық шаралары жарақаттанудың алдын алуға, зақымдануды азайтуға және адамдар мен инфрақұрылым нысандарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қараша, 2025
Өңірлер ықтимал су тасқынына дайын ба?
Еліміздің алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен жергілікті атқарушы органдар су тасқыны қауіпті учаскелерінде мониторинг жүргізіп, инженерлік қорғау құрылғыларының дайындығын тексеріп, алдын алу шараларын жүзеге асыруда, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Қараша, 2025
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы келді
Аталған лауазымға Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Дәурен Жамбайбек тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңге жымқырған
Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңгені жымқырған Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, 30 жастағы жеке кәсіпкер әйел босануына және сәби күтіміне байланысты декреттік демалысқа шығатын 41 әйелге алаяқтық жолмен әлеуметтік төлемдер алып беріп, мемлекетке 180 миллион теңгеден астам залал келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Қараша, 2025
Диқандар биыл да рекордтық межені бағындырмақ
Солтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл да рекордтық астық жинағалы отыр. Кейбір шаруашылықтар гектарынан 60 центнерден өнім алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қызылордада браконьерлікке қатысты 105 құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтапты. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 қару айғақ зат ретінде алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 19 Қараша, 2025
Қызылордада «Қазсушар» қызметкерлері қамауға алынды
Облыс прокурорлары Көкарал бөгетін нығайтуға қажетті 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегенін анықтады. «Қазсушар» РМК облыстық филиалын тексеру барысында қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Қараша, 2025
Азаматтардан 2 300-ден астам қару тәркіленді
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2300-ден астам қару тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Қараша, 2025
Астана әкімдігі қайтыс болған фельдшердің отбасына көмек көрсетілетінін мәлім етті
Астана әкімдігі қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшері, марқұм Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қараша, 2025
«Астана Операда» эстон музыкасының концерті өтті
Әлемге әйгілі композиторлар Арво Пярттың 90 жылдығы мен Вельо Тормистың 95 жылдығына орай «Астана Опера» сахнасында эстон музыкасының кеші ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Фарер аралдарынан жеңіліп қалды
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Талдықорғанда Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім ұсталды
16 қарашада түнгі сағат 03:00 шамасында Талдықорған қаласының патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатпақ болды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 18 Қараша, 2025
Медицинадағы цифрлық шешімдер: Қазақстан мен Түркияның мәмілесі
Анкарада Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Шуаип Биринджимен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.