Соңғы жаңалықтар
Медицина • 18 Қараша, 2025
Медицинадағы цифрлық шешімдер: Қазақстан мен Түркияның мәмілесі
Анкарада Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Шуаип Биринджимен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
Мұхтар Әуезов театры жүзінші маусымның шымылдығын түрді
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жүзінші мерейтойлық маусымын ашты. Мерейтойға орай «Ғасырға басқан қадам» атты салтанатты театрландырылған қойылым қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Сурдлимпиада-2025: Қазақстан спортшылары 13 медаль жеңіп алды
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиаданың алғашқы үш күнінде Қазақстан ұлттық құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар. 2022 жылғы XXIV жазғы Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы рекордты 29 медаль (4 алтын) еншілеген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Қараша, 2025
Тарихи экспорт: Армения қазақ бидайына жоғары баға берді
Қазақстанның ұлттық астық операторы Армениядағы серіктесіне бидайдың пилоттық партиясын жеткізуді сәтті жүзеге асырды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Қараша, 2025
Балтық порттары Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер ашады?
Эстония Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Силламяэ және Мууга теңіз порттарының басшылығымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 18 Қараша, 2025
Дүкендегі бағаны негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңге айыппұл салынды
Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуін тежеу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 463 шетел азаматы еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Жасанды интеллект көмегімен мықты брендті қалай қалыптастыруға болады?
Astana Hub халықаралық инновациялық кластері мен Цифрлық индустриялар академиясы бірлесіп, «Нейрожелілерді пайдалана отырып, бренд қалыптастыру» атты білім беру жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Фарер аралдарына қарсы шығатын негізгі құрам белгілі болды
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2025 жылғы соңғы матчқа арналған бастапқы құрамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
12 жастағы қазақ қызы «Голос. Дети» шоуының финалында өнер көрсетеді
Қазақстанның 12 жастағы тұрғыны, әнші Жасмина Түзелова «Голос. Дети» музыкалық шоуының финалына жолдама алды. Бұл туралы жас орындаушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Спорт • 18 Қараша, 2025
«Қайрат» билет бағасын төмендетуге байланысты мәлімдеме жасады
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы матчтарына арналған билет бағасына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 18 Қараша, 2025
Қазақстан Газадағы қақтығысты тоқтату жоспарын қолдайтынын мәлімдеді
Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтатудың кешенді жоспары туралы 2803 (2025) қарарының қабылдануын құптайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Тибо Куртуа қазақ жанкүйеріне қолғабын сыйға тартты
Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа сөзінде тұрып, қолғабын Қазақстанға жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Қараша, 2025
Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Ақорда қаза тапқан фельдшердің «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын хабарлады.
Үкімет • 18 Қараша, 2025
Олжас Бектенов Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
Димаш Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді
30 қарашада Гиза қаласында өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Димаш Құдайберген екі сағаттық жеке концертін қояды. Мысырдағы жаңа елде, жаңа континентте өнер көрсетпес бұрын, қазақстандық өнерпаз фестиваль ұйымдастырушыларының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Абай, Ислам, Жасмин: Сәбилерге қандай есім көп қойылды?
Әлеуметтанушылардың айтуынша, жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылатын есімдерге қарап, қоғамның ерекше қадір тұтатын идеал тұлғаларын білуге болады екен. Осыған орай Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдердің кім екенін бағамдап көрген едік.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Абай облысында 500 орындық оқушылар сарайы ашылады
Биыл облыста «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 2 700 орынға арналған 4 мектеп іске қосылды. Енді 500 орындық оқушылар сарайы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
ЛГБТ-ны жақтаушылар ақпараттық шабуылға көшті: қоғам белсендісі Парламентке үндеу жасады
Елдегі ЛГБТ пропагандасын шектеу туралы петицияны ұйымдастырған белсенді Бағила Балтабаева әлеуметтік желіде Парламентке үндеу тастады. Оның сөзінше, ЛГБТ-ны жақтаушылар ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етіп жатыр. Ол Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа жолдаған хатында ЛГБТ қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Батыс Қазақстанда болған жол апатына байланысты жаңа деректер жария болды
Батыс Қазақстан облысында 8 адам қаза болған жол апатының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің өзі басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Қараша, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының алдағы матчтарын Астанада өткізеді
Алматылық «Қайрат» биылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы кездесулерін елордадағы «Астана Аренада» өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Қараша, 2025
Алматы облысында алғаш рет асқазанға тың әдіспен ота жасалды
Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Қазақстан әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді
Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері халықаралық TOP500 рейтингінде 86-орынға көтеріліп, әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 18 Қараша, 2025
Аққанат Смағұлова: Шетел сахнасында қазақ өнерін таныту – ең үлкен марапат
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 19 қараша күні талантты жас биші, халықаралық байқаулардың лауреаты, аты аңызға айналған «GULDER» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлованың жеке шығармашылық кешін өткізеді. Осы орайда би әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, ұлттық хореографияның абыройын асқақтатып келе жатқан жас өнерпазбен сұхбаттасудың сәті түсті.
Инфляция • 18 Қараша, 2025
Қазан айында инфляция төмендеді: жылдық көрсеткіш 12,6%-ды құрады
Ұлттық банктің мәліметінше, қазан айында Қазақстандағы жылдық инфляция тағы біршама бәсеңдеп, 12,6%-ды құрады. Қазан айында он өңірде баға өсімі баяулап, алты өңірде керісінше жеделдеп және тағы төртеуінде өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Қараша, 2025
Үкімет тарапынан азық-түлік бағасына бақылау күшейтіледі
Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Шығыс Қазақстанда жастар жасанды интеллект бағытындағы ерекше жобалар ұсынды
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «AI-Sana: EKTU Demo Day» атты күзгі форум өтті. Іс-шара ұлттық AI-Sana бағдарламасы аясында, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
Маркетплейстердегі тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу ережесі реттелмек
Аталған бөліп төлеу ережесі – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (КНРДА) тарапынан реттеледі. Бұл туралы LS тілшісіне берген сұхбатында КНРДА төрағасы Мадина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Талғат Байсуфинов: Ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз
Фарер аралдарына қарсы өтетін жолдастық матч алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов команда дайындығы, қарсыластың қарқыны және ойын тәртібінің маңыздылығы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.