қызыл
Медицина • 17 Желтоқсан, 2025
Қызылордада тұңғыш рет бір күнде үш бүйрек трансплантациясы жасалды
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында үш науқасқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Алғашқы ота 41 жастағы әйелге жасалды. Науқастың ағасы донор болып, бүйрегін берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Қызылордадағы 44 млрд теңгелік жоба: өңірді не күтіп тұр?
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіру және құрастыру зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойылды. Құжатқа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және испаниялық Roca Group компаниясының еншілес кәсіпорны «РОКА Қазақстан» ЖШС-ның бас директоры Даниэль Эрнандес қол қойған. Инвестиция көлемі 44 млрд теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Дастан Рыспеков Жезқазған-Қызылорда жолын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған–Қызылорда бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынын бақылап, нысандағы мердігер мекемелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 12 Желтоқсан, 2025
Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1500 сайт бұғатталды
Биыл Қызылорда полицейлері есірткіні заңсыз жарнамалау бағытында прокуратура органдарымен бірлесіп қылмыстық істер шеңберінде екінші деңгейлі банктердегі 1100 есепшоттан жалпы сомасы 90 миллион теңгені бұғаттауға қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қызылордада шалғай ауылдарға ауыз су желісі тартылды
Арал ауданындағы Тоқабай, Ерімбетжаға елді мекендеріне ауыз су желісі жеткізілді. Осыған дейін суды тасып ішіп отырған қос елді мекен халқы нысандардың ашылу салтанатына жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 08 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізді
«Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалы жаңа форматтағы шараларды қолдайды және іске асырады. Әсіресе ол халыққа тиімді болса, бірден білек сыбана кіріседі. Облыстық филиал салымшылары мен серіктестеріне қолжетімді баспанаға жетудің тетіктерін таныстыру, жинақ мәдениетін қалыптастыру, тұрғын үй нарығындағы жаңалықтарды талқылау үшін жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 06 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер есебінен ауылдарда ауыз су құбыры салынып жатыр
Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Тоқабай және Абай елді мекендерінде ауыз су құбырының құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мүгедектігі бар жандардың жайын ескерген қанша нысан бар?
Аймақта 1500-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар жандарға толық бейімделген. 2027 жылдың соңына дейін тағы 788 нысан жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2025
2026 жылы су тапшылығы қаупі бар: аграрларға ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту ұсынылды
Вице-премьер Қанат Бозымбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Олар фермерлермен кездесіп, алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Шағын аудан тұрғындарының шағымы
Қызылорда қаласы КБИ шағын ауданы тұрғындары «Бұлан» мал базарын басқа аумаққа көшіруді сұрайды. Олар мал базарының ветеринариялық-санитариялық нормаларға сай еместігін және жеке тұрғын үйлермен жапсарлас орналасқан базарға келетін төрт түлік тиеген жүк көліктерінің тыныштықты жиі бұзатынын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 03 Желтоқсан, 2025
Қызылордада 13 адам өрттен құтқарылды
Өрт Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесіндегі 9 қабатты үйден шыққан. Жетінші қабаттан байқалған жалынға ТЖМ мамандары жедел жетіпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Мектептің бас есепшісі 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының прокуратурасы мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтаған. Жемқорлық әрекеті білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдары аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
Жыл басынан бері Шиелі ауданында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 120 адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
Қызылордада жеке сектордағы тұрғын үй қасбеттерінің кемшіліктерін ретке келтіріп, санитарлық-норма талаптарын бақылайтын жұмысшы топ тұрақты рейд жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 27 Қараша, 2025
Темекі қалдығы үшін қоғамдық жұмысқа тартылды
Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қызылжарға бір мезгілде ауыз су, жарық, газ келді
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданына толық инфрақұрылым жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Қараша, 2025
Көптен күткен жаңалық: Қызылорда – Жезқазған автожолы ашылды
Қызылорда облысында Қызылорда – Жезқазған автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Қызылордада мұғалімдер мемлекет қаражатын жымқырған
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекет қаржысын аса ірі мөлшерде жымқыру дерегін анықтап, оған қатысы бар тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Қызылорда облысында жыл басынан бері прокуратураның қадағалау актілерімен 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған 45 адамның 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2025
Қызылордада бір күнде 3 мал ұрлығы дерегі тіркелді
Қызылорда облысы аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдаушы автокөліктерді, одан бөлек мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қызылордада браконьерлікке қатысты 105 құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтапты. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 қару айғақ зат ретінде алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 19 Қараша, 2025
Қызылордада «Қазсушар» қызметкерлері қамауға алынды
Облыс прокурорлары Көкарал бөгетін нығайтуға қажетті 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегенін анықтады. «Қазсушар» РМК облыстық филиалын тексеру барысында қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Сергей Кан «Қызылжар» футбол клубын дамытуға миллиардтаған қаржы құяды
Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын басқару тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Qyzyljar» ФК дамудың жеке моделіне көшуде. Қазақстандық кәсіпкер Сергей Кан клубтың жаңа инвесторы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Жеке кәсіпкер Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіптік жобаға 51 млрд теңге жұмсады
Жалағаш ауданында Harvest Kazakhstan агроөнеркәсіптік кластерінің жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба өңірде жоғары технологиялы суармалы егіншілікті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Қызылордада көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кетті
Қызылорда облысының Шиелі ауданында өткен көкпар ойыны кезінде көлік жылқыларды қағып кеткен сәт әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Қараша, 2025
Қызылордада қаржы пирамидасының жолы кесілді
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «HRT» атауымен қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Тергеу барысында анықталғандай компания өз қызметін самокаттарды салымшыларға сату және жалға беру арқылы пайда табу жүйесімен жүзеге асырған, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 01 Қараша, 2025
Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10 345 түп сора анықталды
Қызылорда облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы жаңа жылу электр орталығына барды
Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.