аз
Спорт • 03 Мамыр, 2026
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия Кубогінде Қазақстан құрамасы айтарлықтай табысқа жетті. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы бәсекеде отандастарымыз 4 медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 03 Мамыр, 2026
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
2026 жылдан бастап Қазақстанда медициналық білім беру жүйесі түбегейлі жаңа модельге көшеді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл реформаның басты ерекшеліктері мен студенттер үшін ашатын жаңа мүмкіндіктерін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Теңіздегі тексеріс: 27 шетелдік Қазақстаннан шығарылды
Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде көші-қон қызметінің мамандары шетелдік азаматтардың республика аумағында болу заңдылығын тексеру мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Мамыр, 2026
Нөсер жаңбыр, дауыл және үсік: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 3 мамыр күні ел аумағында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. «Қазгидромет» республика аумағы бойынша ескерту жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Мамыр, 2026
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтті. Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 02 Мамыр, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздегі 185 Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2026
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Тараз қаласында №40 гимназия аумағында биіктіктен құлаған мектеп оқушысы ауыр жарақат алды. Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 01 Мамыр, 2026
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды. Федерация мәліметінше, жаңа жиынтықты Adidas компаниясы UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында дайындаған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Мамыр, 2026
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Астанада LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толық көлемде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Алматы қаласында еліміз үшін жаңа инфрақұрылымдық нысан – Қазақстандағы алғашқы крематорий іске қосылды. Нысан қалалық патологоанатомиялық бюроның қарауына беріліп, қаладағы жерлеу қызметтері жүйесінің бір бөлігіне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, биылғы 4 мамырдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институтын енгізуді бастайды. Бұл қадам ішкі қарыз нарығын дамыту мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды реформалардың бірі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 30 Сәуір, 2026
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында құрылатын Даму банкі арқылы заманауи технологияларды қаржыландыруға басымдық беріп, инвестиция көздерін кеңейту бағытында нақты қадамдар жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Елімізде сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа кезең басталды – Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылып, барлық рәсімдерді бір ортаға біріктіруге мүмкіндік туды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 30 Сәуір, 2026
Ресейде үш қазақ мектебі ашылады: Лавров білім саласындағы жаңашылдықтарды жариялады
Қазақстан мен Ресей алдағы уақытта алты бірлескен мектеп салу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Сәуір, 2026
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – бұлақ көздерін ашу, оларды тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады. Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Бабақұмаров ісіне қатысты үкім шықты: Шенеуніктің өліміне кінәлі адам 11 жылға сотталды
Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы елорданың қылмыстық істер жөніндегі соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 30 Сәуір, 2026
Каспийге қауіп төнді ме? Лавров АҚШ пен Израильдің соққысына қатысты мәлімдеме жасады
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспий теңізі бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 30 Сәуір, 2026
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Ақмола облысындағы сүт зауытында жарылыс болды: 2 жұмысшы зардап шекті
29 сәуір күні Ақмола облысы Жібек жолы ауылында орналасқан сүт зауытында газ жарылған. Жарылыстан ғимаратқа зақым келмегенімен, 2 жұмысшы зардап шеккен, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Атырауда 74 жастағы қария қазақ тілін үйреніп жүр
74 жастағы Карим Шәріпов «Speak Up Atyrau» жобасына қатысып, бірнеше айдың ішінде қазақ тілінде тұрмыстық деңгейде еркін сөйлей бастағанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 29 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Бір күнде елімізде 46 мың гектардан астам аумақ тазартылды
25 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Бүгінде ел аумағында экологиялық іс-шаралар жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2026
«Қайраттың» капитаны клубтан кететінін мәлімдеді
Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Біржан Оразов маусым аяқталған соң алматылық «Қайрат» сапынан кететінін хабарлады. Ойыншы бұл шешімді өзі жариялағысы келгенімен, ақпараттың ерте тарап кетуіне байланысты ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2026
VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы аталған Азия додасында табысты өнер көрсетті. Отандастарымыз шешуші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасын 3:0 (4:2, 2:1, 3:2) есебімен жеңіп, қола медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Сәуір, 2026
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
29 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстік және батыс өңірлерінде түнгі уақытта күн күрт салқындап, жер бетінде үсік жүруі мүмкін. Ал оңтүстікте керісінше аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Сәуір, 2026
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жақын күндері Астанада ауа температурасының айтарлықтай көтеріледі. Алайда мереке күндері ауа райы күрт өзгеріп, күн күркіреуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 28 Сәуір, 2026
19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвада өткен білім бәйгесінде топ жарды
Қазақстан оқушылары Еуропаның жаңа білім бәйгесінде топ жарып, ел мерейін асқақтатты. 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет өткен European Mathematical Olympiad халықаралық додасында ұлттық құрама командалық есепте 1-орын иеленді. Беделді білім сайысына 19 елден 21 команда, жалпы 126 оқушы қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша төленетін ай сайынғы стипендия көлемін 10-15%-ға арттыру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.