Ақтөбе
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Биыл Ақтөбеде құны 110 миллиард теңгеден асатын сегіз жоба жүзеге асырылды
Ақтөбеде 20 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен өткен «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» жиынында жаһандық өзгерістер жағдайындағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық саясат, инвесторларды қолдау шаралары, Еуразиялық экономикалық Одақ, Еуропа мен Азиядағы серіктестермен ынтымақтастық бағыттары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп қойды
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе және Қостанай облысындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады. Өңірлердегі жол бөліктерінде көлік қозғалысына сағат 12:30-дан бастап рұқсат етілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Қараша, 2025
Астанада сазгер Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтті
Еліміздегі Композиторлар одағының мүшесі, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық ән байқауларының жүлдегері, биыл ғана 45 жасқа толған Дулат Айтжановтың ән кеші өтті. Ақтөбелік сазгердің кеші батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Әлия – дастан» деп аталды. Елордадағы концерт аншлагпен өтті.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Ақтөбе өңірінен асыл тұқымды қазақы жылқыны экспорттау көзделіп отыр
Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы Асхат Шахаров бұл туралы Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында шекарадан өтпек болған 10 шетел азаматы ұсталды
23 қарашада ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонға байланысты әрекеттің алдын алды. Тексеру кезінде жүк көлігіндегі құрылыс материалдарының арасынан 10 шетелдік азаматты анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қараша, 2025
Ақтөбе жолдарында жыл басынан бері 41 адам қаза тапты: Өңірдің бас полицейі не дейді?
Қазақстандағы ең жүктемесі жоғары және стратегиялық маңызы бар көлік артерияларының бірі –Самара-Шымкент автомобиль жолы. Жыл басынан бері осы жолда 101 жол-көлікоқиғасы орын алып, 41 адам қаза болды, 200-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 24 Қараша, 2025
Coca-Cola Қазақстандағы төртінші зауытын Ақтөбеде салатын болды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель бастаған өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде кәсіпкерлер 15 саябақ салып бермек
Ақтөбе қаласында демеушілердің қолдауымен биыл 15 саябақ пен скверді абаттандыру жобалары жүзеге асырылып, олардың көбі бұрын бос жатқан аумақтарда салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңге жымқырған
Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңгені жымқырған Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, 30 жастағы жеке кәсіпкер әйел босануына және сәби күтіміне байланысты декреттік демалысқа шығатын 41 әйелге алаяқтық жолмен әлеуметтік төлемдер алып беріп, мемлекетке 180 миллион теңгеден астам залал келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Байлығы 228 млн долларға бағаланатын кәсіпкер «Ақтөбе» футбол клубына инвестор болады
Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы әрі мажоритарлық акционер Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубының жаңа инвесторы атанбақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 14 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту мүмкіндігі артып келеді
Ақтөбе облысы – Қазақстанның батысындағы жетекші индустриялық орталықтардың бірі. Өңір экономикасын әртараптандырудың негізгі буыны саналатын өңдеуші өнеркәсіп соңғы жылдары қарқын алып, инвесторлар үшін тартымды аймаққа айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі
Келесі жылы Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу басталады. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті мен «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы мамандары қайта жарақтандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді
Аталған облыстың Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем дүниеге келіп, оларға Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 10 Қараша, 2025
Қазақ балаларының сауатын ашу жолында аянбай еңбек қылған Жиенғали Тілепбергенов кім?
Темір ауданында жазушы, драматург, журналист Жиенғали Тілепбергеновтың туғанына 130 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Ақтөбеде жемқорлардың ақшасына ерекше балабақша салынбақ
Жоба Президенттің тапсырмасы шеңберінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Құны шамамен 7,4 миллиард теңгені құрайды. Нысан – 300 орындық, жоспарға сәйкес құрылысы 2026 жылы аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 06 Қараша, 2025
Ақтөбеде оқу орны Миннесота университетімен бірлескен жобаны қолға алды
Жуырда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде АҚШ-тың Миннесота университетімен бірлескен «Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы» ашылады.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Ақтөбеде зейнеткер Ұлттық банк «қызметкерінің» қоңырауынан кейін пәтерін сатып жіберген
Ақтөбеде алаяқтардың арбауына түскен зейнеткер әйел бар жиған-тергенінен айырылды. Бейтаныс адамдар өзін мемлекеттік органдардың өкілі ретінде таныстырып, алдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
Ақтөбеде өрт сөндіру жеңдерін өндіретін зауыт ашылды
Бұл – еліміз бойынша алғашқы зауыт. Жоба «O’rt tehnika-Qazaqstan» ЖШС-мен жүзеге асырылып, елімізде импортты алмастыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы ұлттық өндірісті дамыту бағытында маңызды қадам болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Ақтөбеде әкесінің көлігін тізгіндеген мектеп оқушысы қаза тапты
Ақтөбеде 13 жастағы оқушы әкесінің көлігін жасырын мініп кетіп, жол апатына ұшыраған. Ауыр жарақат алған жеткіншек ауруханада көз жұмған. Бұл соңғы екі айда облыста тіркелген екінші қайғылы жағдай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Самара — Шымкент бағытындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатынан ауыр жарақат алған 16 жастағы жасөспірім әлі комада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2 бала бар
Самара — Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2016 және 2022 жылы туған екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Ақтөбе облысындағы жол апатын арнайы топ тергейді
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
«Самара-Шымкент» автокөлік жолының Ақтөбе облысы аумағындағы Белқопа ауылының жанында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соғысып, екі жүргізуші мен 10 жолаушы қайтыс болды деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы полиция департаменті берген мәліметке сүйене отырып.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Дәрігерді өлтіріп, 5 млн теңгесін иемденген күдікті 20 жылға сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 69 жастағы дәрігерді өлтіріп, есепшоттарындағы 5 млн теңгеден астам соманы иеленген диализдік орталықтың медицина қызметкерін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Ақтөбе полициясы отбасылық жанжалдардың себебін атады
Ақтөбе облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша 4 мыңға жуық қоңырау түскен. Сондай-ақ отбасында ұрып-соғу деректері бойынша 187 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Әйтеке би ауданының екі ауылына көгілдір отын келді
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әйке және Тереңсай ауылдарына газ құбыры тартылып, екі мыңға жуық тұрғын пеш жағу бейнетінен құтылды. Жоба шалғай елдімекендерді газдандыру жобасы аясында іске асырылды. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын құбыр құрылысын «Ерзат» ЖШС-і жүргізді. Енді жыл соңына дейін көршілес Қияқты және Ұлғайсын ауылдарына да көгілдір отын жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысы сәбилі болды
Ақтөбе облысында 13 қазанда Уил орта мектебінің 9-сынып оқушысы, 14 жастағы қыз бала босанды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.