Соңғы жаңалықтар
Архив • 03 Желтоқсан, 2025
Цифрлық дәуірде таспаланған тарих
Отыз жыл уақытты аз деп те, көп деп те айта алмаймыз. Бұл мерзім ел тарихы үшін қас-қағым ғана сәт сияқты көрінгенмен, біздің ұжым үшін тағылымға толы толысу кезеңі болды. Ізденіс пен табандылықтың арқасында архив ісінің кәсіби мектебі қалыптасты, жас мамандар қанатын қатайтты. Отыз жыл ішінде архив ғимаратын мұрағат мұратына үйлестіре құру, қорларды жүйелеу, заманауи стандарттарға бейімделу секілді сансыз жұмыстар атқарылып, Астана қаласы мемлекеттік архиві елдің тарихи жады мен құнды деректерін сақтайтын қасиетті ордаға айналды.
Экология • 03 Желтоқсан, 2025
Айдын ортасында пайда болған арал: Каспий теңізінің екіге бөлінуінің бастапқы нышаны ма?
Мемлекет басшысы Каспий теңізін қорғау туралы ұдайы айтып келеді. Биылғы Жолдауында: «Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны жұртты алаңдатып отыр. Тиісті шара қолданбасақ, бұл аса үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет», деді Президент.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2025
Тағдырдың тасқайрағында ұшталған қалам
Мырзашөл өңірінде жүріп-ақ поэзия, проза, аударма, драматургия жанрында қалам тербеп, шеберлігін шыңдаған Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы Айыпберген Балтабайұлы ағамыз елге сыйлы, табиғаты бөлек жан.
Елорда • 03 Желтоқсан, 2025
Елордада саябақ ашып, аулаларды абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Халықтың жайлы, қауіпсіз әрі таза ортада өмір сүруіне қажетінше жағдай жасалады. Қаланың ажарын ашатын осындай бір ізгі іске Nazarbayev University (NU) бастамашы болып отыр.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Жиырма бесінші мәрте жалауы желбірейтін қысқы Олимпия ойындарының да дүбірі жақындап келеді. Спортшыларымыз ақ Олимпиада лицензиясына қалай қол жеткізеді? Төрт жылда айналып соғар дүбірлі аламанда 1998 жылдан бері бізге алтын медаль бұйырмай тұр. Әл әзір саңлақтарға жолдама олжалаудың өзі орасан жауапкершілік жүктеп отыр.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қостанайда екі жүзге жуық белсенді әйел бас қосқан ауқымды форум өтті. Аталған жиын аясында «Іскер әйелдер қауымдастығының» өкілдері «Еңбегі жанған арулар» байқауының қорытындысын жариялап, 30 аталым бойынша жеңімпаздарды марапаттады.
Мәселе • 03 Желтоқсан, 2025
Ауызсудан тарыққан Ақши тұрғындары
Іле ауданы Ақши ауылында 5,5 мыңнан астам халық тұрады. Ауылдағы екі мектепте 1 мыңнан астам бала оқиды. 2 медициналық мекеме мен 100 орындық балабақша, «Дәулет-Бекет» ЖШС-ның түйе сүтінен құрғақ шұбат өндіретін кәсіпорны мен «Aruana» шипажайы жұмыс істейді. Тарихы тереңнен сыр шертетін ауылда ауызсу мәселесінің бірталай жылдан бері түйіні тарқатылмай келеді.
Ғалам ғажаптары • 03 Желтоқсан, 2025
Лондондағы «King’s College» университетінің ғалымдары түпнұсқа картина мен көшірме суретті көру адамға қаншалықты әсер ететінін анықтады.
Ғалам ғажаптары • 03 Желтоқсан, 2025
Технология адамның тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, денсаулығына да тікелей қызмет ете бастады. Бұған жаңа шыққан «AirPosture» қосымшасы дәлел.
Жәдігер • 03 Желтоқсан, 2025
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сармат алтындарының жиынтығы бар. Талайғы тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер Қарабау-2, Қарақұдық-1, Қарақұдық-2 қорғандарынан табылған.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Киік санын реттеу мәселесі қаралды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен киіктер популяциясын тұрақты басқаруға қатысты өткізілген іс-шаралардың қорытындылары тыңдалды.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қаланың қарбаласынан қолы қалт еткендер дәстүрлі Салбурын фестивалінің 5 жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан көрмені тамашалауға жиналды. А.Пушкин кітапханасындағы бұл көрмеге өңірдегі фотографтардың отыз шақты жұмысы қойылды. Олар бес жыл бойы қыран қалықтаған фестивальге барып, сәтті кадр іздеумен, іс-шараны насихаттаумен айналысып келген.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Жанармай жайын талқылаған кеңес
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, отынды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мен жанар-жағармай материалдарының айналымын цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы музейінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Пушкин музейі, М.Шолоховтың мемориалдық музейі және Семейдегі Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі қорларынан жасақталған «Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» атты көрме ашылды.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Қасиетті Тақтың өкілімен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың еліміздегі Апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда рухани дипломатияны ілгерілету мен халықаралық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палестинаның Жоғарғы судьясы, Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Доктор Махмұд Седки Әл-Хаббашпен кездесті. Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады және Газа секторындағы гуманитарлық ахуал жөнінде пікір алмасты.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру мен терең өңдеу жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Мүгедек балалардың ата-аналарын қорлаған блогерге сот үкімі шықты
Астана сотында мүгедек балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтқан блогерге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар уақытша жабылды
Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2025
МӘМС төленбесе, несие де берілмейді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қарыз алушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегін ескеруді міндеттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте дәрігерлер 705 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, небәрі 705 грамм салмақтағы шақалақтың өмірін аман сақтады. Анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін жекпе-жегінің алдында маңызды үндеу жасады
Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 6 желтоқсан күні АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Баланың дарынын қай жастан байқауға болады?
Жеті жасында «дарынды» деп танылған көп баланың бойындағы жоғары когнитивтік қабілет жасөспірім шаққа жеткенде тұрақты болмай шығады. Жаңа зерттеу нәтижелері баланы тым ерте «дарынды» деп тануболашақтағы интеллектуалдық көрсеткіштің сенімді болжамы бола бермейтінін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Алматының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастырып, тұрғындарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 02 Желтоқсан, 2025
Келер жылы ауыл шаруашылығында қандай жобалар іске асады?
Елімізде келер жылы ауыл шаруашылығында іске қосылатын ірі жобалар белгілі болды. Үкімет отырысында министр Айдарбек Сапаров әр жобаға жеке тоқталып, олардың мүмкіншілігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Желтоқсан, 2025
Алматы облысындағы жол апатынан бес спортшы қаза тапты
Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда қайғылы жағдай орын алды. Бішкекте өткен құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол турнирінен келе жатқан жеті қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ширек ғасыр мерейтойын атап өтті
Бұрнағы күні Қызылжарда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ашылғандығына 25 толған мерейтойы аталып өтті. Оған өнер ордасының тұңғыш режиссері Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек бастаған театр шымылдығын алғашқы болып ашқан өнерпаздар, одан бері де біраз жылдар қызмет істегендер және жалпы өнер сүйер қауым тегіс жиналды деп хабарлайды Egemen.kz.