м
Заң • 16 Наурыз, 2026
Президент 2026 жылғы әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
«AMANAT» партиясында референдум барысында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысы қорытындыланды
Бүгін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум барысына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. «AMANAT» партиясының өкілдері тұтас ел аумағында жүргізілген ауқымды мониторинг деректеріне сүйене отырып, дауыс беру барысына жан-жақты талдау жасады. Референдум күні партия 22 мыңға жуық байқаушының жұмысын ұйымдастырды. Олар еліміздің барлық өңіріндегі сайлау учаскелерінде рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етіп, қолданыстағы заң нормаларының қатаң сақталуын қадағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Тәуелсіз бақылаушылар: Бюллетеньдерді суретке түсіріп, интернетке жариялағандар болды
Алматыда өткен референдум барысында айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелмеген. Дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылу деңгейі бұрынғы науқандармен салыстырғанда едәуір жақсарған. Бұл туралы жазушы, экономист және қоғам қайраткері Бекнұр Қисықов айтты. Ол референдум кезінде тәуелсіз бақылаушыларды оқытып, Алматыдағы бірнеше учаскеде дауыс беру барысын өзі де бақылаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Наурыз, 2026
Елдегі су қоймалары тасқын суға дайын ба?
Еліміздің бірқатар өңірінде көктемгі тасқынға дайындық аясында су қоймаларынан су жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердегі ірі су қоймаларынан реттелген көлемде су жіберіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді
Қазақстанда өткен республикалық референдум халықаралық бақылаушылардың назарында болды. Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Қазақстандағы дауыс беру процесіне оң баға беріп, сайлау халықаралық стандарттарға сай өткенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Наурыз, 2026
Жамбыл облысында әскери бөлім күзетшісі қарауыл бастығын атып өлтірді
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, 15 наурыз күні қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзет қызметкері карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын жаралаған, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 16 Наурыз, 2026
Енді астаналықтар Батумиге аптасына 3 рет ұша алады
Астаналық туристер үшін жазғы демалыс қолжетімді әрі ыңғайлы бола түспек. FlyArystan 2026 жылдың 25 маусымынан бастап Астана – Батуми бағыты бойынша рейстер санын көбейтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Ресей ОСК өкілі: Қазақстандағы референдум заң талаптарына сай өтті
Қазақстанда өткен республикалық референдум кезінде халықаралық бақылаушылар тарапынан ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы баспасөз конференциясында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Референдумды бақылау: «Ел дауысы» қоры алдын ала қорытындыларын жариялады
«Ел дауысы» қоғамдық қоры жаңа Конституция жобасына қатысты өткен референдумды бақылау нәтижелерін жариялаған баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 16 Наурыз, 2026
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Қадір түні – ислам дініндегі ең қасиетті түндердің бірі. Бұл түн Рамазан айының соңғы он күнінің жұма, жұмаға жақын сәресі түндерінде болады деп есептеледі. Биыл ҚМДБ бұл түнді 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге белгілеп отыр. Қадір түні құлшылық пен дұға жасау арқылы рухани тазалыққа жетуге, күнәлардан кешірім сұрауға және Алланың разылығына кенелуге ерекше мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 16 Наурыз, 2026
Мәдениет және ұлттық дәстүр күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді?
Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізу аясында 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп жарияланды. Бұл күн халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен рухани мұрасын насихаттайтын, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке ретінде белгіленген, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті
Қазақстандағы референдум кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) бақылаушылары 750-ден астам референдум учаскесіне барып, мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Наурыз, 2026
Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103 доллардан асты
2026 жылғы 16 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 103,14 долларға жетіп, 2,67%-ға өсті. WTI мұнайы да қалыс қалмай, 3,11%-ға қымбаттап, 98,71 долларға жетті. Күн бойы баға белгіленімі Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты айтарлықтай құбылып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті
Референдум күні Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) миссиясы үш топқа бөлініп, Астанадағы 31 сайлау учаскесінде мониторинг жүргізді. Бұл туралы ТМҰ-ның Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман халықаралық бақылаушыларға көмек көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
ТүркПА байқаушылары: Референдумда заң бұзушылықтар анықталған жоқ
Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылар құрамына кіретін Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Осман Местен миссия мүшелері Астана, Алматы, Түркістан қалаларындағы 115 сайлау учаскесіне барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов: Ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның куәгері болдық
Премьер-министр Олжас Бектенов кешегі өткен референдумға қатысты пікір білдірді. Ол жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдіргенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшылығының Азия басқармасының басшысы Имран Садихов байқау нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?
Ормұз бұғазының жабылуы әлемде аштық қаупін туғызуы мүмкін. Бұл бұғаз аумағында бидай немесе күріш тиеген кемелердің бөгелуіне ғана байланысты емес. Бұғаздың бұғатталуы газ бағасының күрт өсуіне әкелді. Газ – азот тыңайтқыштары мен карбамид өндірісінің негізгі шикізаты. Газ бағасының көтерілуі тыңайтқыш өндірісін тиімсіз етеді, тіпті егіс науқанының алдында көптеген зауыттар жабылуға мәжбүр болып отыр.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Референдум күні елімізде 585 бала дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігі 15 наурыз;– референдум күні елімізде 585 бала дүниеге келгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Наурыз, 2026
Премьер-лига: Италияда каратэші Софья Берульцева алтыннан алқа тақты
Италияның бас шаһары Римде WKF каратэден 2026 жылғы екінші Премьер-лига додасы аяқталды. Беделді жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Наурыз, 2026
Израиль премьері қаза тапқаны туралы тараған қауесетке жауап берді
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің жоғалып кеткені және қаза тапқаны туралы тараған қауесеттерге қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы видеоролик жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 16 Наурыз, 2026
Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?
Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Ербол Хамитов қос жүлдені ел қоржынына салды, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 16 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтинг тізімін жариялады. Рейтингте отандасымыз Елена Рыбакина екінші орынға көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Наурыз, 2026
Көктемгі егіс науқаны: Биыл қанша фермер жеңілдетілген несие алды?
Биылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін ерте қаржыландыру жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 2 900-ден астам шаруа жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, алқаптарға қажетті дайындық жұмыстарын бастауға мүмкіндік алды, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 16 Наурыз, 2026
«Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
АҚШ Киноакадемиясы 2026 жылғы «Оскар» сыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Биылғы марапатта ең үздік фильм атағы Пол Томас Андерсон түсірген «Шайқастан кейін тағы шайқас» картинасына бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Шетелдегі барлық референдум комиссиясы жұмысты аяқтады
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы жұмысты аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2026
Университет ұлттық киімді ұлықтады
Таң сәріден Сәрсен Аманжолов университетінің ұжымы мен студенттері ұлттық киім киіп, Өскемендегі 81-учаскеде өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
ІІМ ресми өкілі: Референдум барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, қалалардағы көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдай тұрақты бақыланады. Бұл бақылау Жедел басқару орталықтарының бейнекамералары арқылы да жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы: Қазақстан жастары науқанға белсенді қатысып жатыр
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.