ат
Заң • 19 Желтоқсан, 2025
Атырау соты кәсіпкерден тұтынушының пайдасына 1,2 млн шығынды өндірді
Атырауда кәсіпкер тұтынушыға шартқа сәйкес келмейтін терезе жақтауын орнатқан. Осыған байланысты тараптар арасындағы дау сотта қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Атырауда кемшілікті түзетпеген ауруханаға 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Махамбет аудандық ауруханасында ақпан-наурыз айларында өрт қауіпсіздігіне байланысты 20 бұзушылық анықталған. Содан бері 8 кемшілік әлі түзетілмеген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мас жүргізушілер 1 жылда 763 рет құқық бұзған
Жыл басынан бері Қызылорда облысы аумағында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару дерегі бойынша 763 құқық бұзушылық анықталған. Шара қатаңдатылса да, заң бұзушылықтың осы түрі әлі де толастамай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Қазақстан Парламенті БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, 2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған
Қазақстанда биыл инвесторларға барлауға 707 лицензия және пайдалы қазбаларды өндіруге 22 лицензия беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Жапония Премьер-министрінің офисінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 18 Желтоқсан, 2025
«Отанды сүю – жүректен» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында 15 желтоқсанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» камералық залында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда самокатпен жүру ережелері қатаңдады
Қазақстанда енді электросамокаттардың нөмірі міндетті түрде тіркелуі тиіс. Бұл заңды Сенат депутаттары екі оқылымда да мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты заңға түзетулер енгізіледі
Бүгін сағат 10:00-де басталған Сенат отырысында сенаторлар бірқатар маңызды заң жобаларын талқылады. Сенат құқыққа қарсы контентті шектеуге қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында сотталған 200 адам жұмыспен қамтылады
Атырау облысының кәсіпкерлері сотталғандарды жұмысқа қабылдауға ниет білдіріп отыр. Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде әрқайсысының жалпы ауданы 880 шаршы метр екі ангар мен 564 шаршы метрлік модульді ғимараттың құрылысы аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Желтоқсан, 2025
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды
FIFA 2026 жылы өтетін додада бақ сынайтын құрамаларға берілетін ресми сыйақы мөлшерін бекітті. Келер жылы алғаш рет 48 команда қатысатын турнирдің қаржылық қоры бұрынғыдан да қомақты болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?
Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына халықтың көзқарасын анықтау мақсатында 1000 респондент қатысқан әлеуметтанулық зерттеу жасалды. Деректер көрсеткендей, негізгі салалардағы реформалар көпшіліктің назарында болды, деп хабарлайды Egemen.kz nacanalytica.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында аңшы жоғалып кетті
Атырау облысында аң аулауға кетіп, оралмаған аңшы 4 күннен бері іздестіріліп жатыр. Өңірдің құтқарушылары ер адамды іздеу-құтқару жұмысына бүгін тікұшақ пен дрон қызметін де жұмылдырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жаңалықпен бөлісті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шаһар басшысы «Қалқаман» метро станциясының құрылысы жеделдетіліп, жоспарланған уақыттан әлдеқайда ерте ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Желтоқсан, 2025
Токиода жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары басталды. Президенттің Жапонияға ресми сапары аясында қол қойылатын коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Императорының сарайына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Лебіздер легі: Жауапкершілік жүгі
Энергетика саласы – экономиканың күретамыры. Жарық пен жылуды үздіксіз жеткізіп отырған энергетиктер елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасына тікелей үлес қосып келеді. Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да олар тәулік бойы тынымсыз еңбек етеді.
Заң • 17 Желтоқсан, 2025
Бас прокуратура азаптау туралы жалған ақпараттың таралуына қатысты түсініктеме берді
Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жекелеген тұлғалар тарапынан Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында тергеу органдары азаптау қолданды деген мазмұндағы жалған ақпараттар таратылуда, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 17 Желтоқсан, 2025
Алматыда балалардың құқығын қорғау жөніндегі жаңа басқарма құрылады
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала балалар буллингіне қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 17 Желтоқсан, 2025
«Аватар» фильмінің жалғасын көрермендер қазақ тілінде тамашалай алады
Disney компаниясының қаржыландыруымен кезекті фильм қазақ тіліне дубляждалды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Желтоқсан, 2025
Әкімдіктер тұрғын үй көмегін көрсету тетіктерін халыққа кеңінен түсіндіруі керек
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруға арналған жобалық кеңсенің отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Желтоқсан, 2025
Министрлік: ҰБТ трансформациясы 2027 жылы басталады
Бүгін Мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ел оқушылары қай уақыттан бастап ҰБТ-ны жаңа форматта тапсыра бастайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 17 Желтоқсан, 2025
Алматылықтардың орташа айлық жалақысы белгілі болды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 17 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Міне, Семейде ақ боран. Мен 4-Лодочнаядан кейінгі Достоевский көшесін көктей өтіп, Гагарин көшесінен түстім. Дала боран. Ұйтқыған жел қойын-қонышыңды орайды. Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков көшесі кілт бұрылыс болып басталады. Иә, Қайрат десе, желтоқсан, желтоқсан десе, ойымызға Қайрат Рысқұлбеков оралады. Өйткені ол 86 жылғы азаттықтың алауын мұзға жаққан мыңдаған боздақтардың бір ғана символы десе де болар. Оған қандай жала жабылып, жаза құшса, қалғандары да сондай әділетсіздіктің ақ лағы болып кете барды. Бір айналдырса, шыр айналдыратын көмескі күш оның тағдыр жолында тағы да түйісіп, көрмей кеткен көшесі қиылысады деп кім ойлаған. Бұл кездейсоқ болатын сәйкестік пе, әлде зауал ма?
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Президент бір топ энергетикті мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласының майталмандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Депутат: «Такси жүргізушісі» ұғымын заңнамалық тұрғыда бекіткен жөн
AMANAT» партиясы фракциясының Мәжілістегі жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауалын Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа жолдады. Депутат такси жүргізушілері туралы мәселелерді көтерді, деп жазады Egemen.kz.