Фото: freepik.com
«Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Иордания және Израиль елдерінің бекітілген пошта операторлары барлық халықаралық авиапошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеудің уақытша тоқтатылғанын хабарлады», делінген «Қазпошта» таратқан ақпаратта.
Яғни, аталған елдерге жөнелтілімдердің барлық түрі бойынша қабылдау арнайы өкім шыққанға дейін уақытша тоқтатылды.
«Қазпошта» тарапы қабылдаудың қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайды.
Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді