П
Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2026
Қысқы Олимпиада: Тау шаңғысы спортынан ел намысын кімдер қорғайды?
Ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Айтулы додада тау шаңғысы спортынан әйелдер арасында ел намысын Александра Скороходова, ерлер арасында Ростислав Хохлов қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Петропавлда 120 млн теңгені қолды қылған дропперлер сотталды
Петропавлда интернет алаяқтармен сыбайласып, ұрланған ақшаны аудару үшін жеке шоттарын ұсынған алты дроперге сот болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстанда соңғы сегіз жылда алапес жұқтырғандар тіркелмеген
Бүгінде елімізде алапес ауруын жұқтырғандар (Хансен ауруы) жоқтың қасындай десек те болады. Мұндай науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ. Алапес тек ересектердің арасында ғана кездессе, бұл өз кезегінде инфекция ошақтарының жоғалып бара жатқанын сипаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 23 Қаңтар, 2026
Айыппұлсыз жыл: Биыл шағын бизнеске жеңілдік берілді
Президент тапсырмасына сәйкес 2026 жыл шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең болады. Салық есептілігіндегі қателіктер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Ақтөбелік оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады
Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің 11-сынып оқушысы Айсәуле Жұмабай қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің сынақ кезеңінде 138 ұпай жинап, ең үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қаңтар, 2026
Президенттің көмекшісі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы болып сайланды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде Қанат Шарлапаев палатаның төрағасы болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қаңтар, 2026
Серік Сәпиевке орынбасары қол көтерді
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қаңтар, 2026
Елордада екінші ауысымдағы оқушылар сабақты онлайн оқиды
Астанада екінші ауысымдағы 0-6-сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Ішкі істер министрлігі бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді
Елімізде жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Богданович мұздығында қар көшкіні жүруі мүмкін
Кіші Алматы өзені алабында орналасқан Богданович мұздығында және «Шымбұлақ» курорттық аумағында қар көшкіні қаупі жоғары болып тұр. Бұл туралы «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиадада фристайл-акробатикадан Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қаңтар, 2026
Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ертең елордада оқушылардың онлайн режимде оқитыны мәлім болды. Мұндай жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 22 Қаңтар, 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін елдің түкпір-түкпірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік саладағы отыз үздік жобаның иелері елордаға жиналды. Әр жеңімпазға 3 миллион теңге көлемінде грант сертификаты табысталды. Жеңімпаздарды Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Соған орай ұйымдастырылған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты құттықтап, жол инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі елдің дамуына қатысты маңызды бағдарларды айқындап берді. Соның ішінде Президенттің Абай іліміне, патриотизм мен жаңа дәуір талаптарына бейімделу мәселелеріне терең тоқталуы бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса өзекті деп санаймын.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста бірнеше елдің басшыларымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?
Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Қаңтар, 2026
Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?
Қостанай қаласында жалпы білім беретін 40 шақты мектеп бар. Оның 10-ы мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 8-і аралас тілде білім береді. Қала мектептерінде оқитын 20 мыңға жуық қарагөз жас өскіннің 36 пайызы ғана өз ана тілінде білім алады. Яғни, қазақ балаларының 64 пайызы өзге тілде оқып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда үш көлік соқтығысты: Бір адам ауруханаға жеткізілді
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Қаңтар, 2026
«Каспий» командасының бас бапкері ауысты
Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Команданы 42 жастағы маман Пиралы Әлиев тізгіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 22 Қаңтар, 2026
Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды
Алматыда былтыр интернет-алаяқтыққа қарсы 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, жапа шеккен азаматтарға 700 млн теңге қайтарылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?
Швейцарияның Давос қаласында өткен рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатына 18 елдің басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Бұл оқиға халықаралық саясаттағы жаңа құрылымның пайда болғанын аңғартты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Промоутер Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты пікір білдірді
Спорт менеджері әрі промоутер Жалғас Түкешов Қазақстаннан шыққан IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған
Былтыр Атырау облысының аумағында жол-көлік оқиғасынан 96 адамның көз жұмғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Президент Давостағы Конгресс орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында 22 жасөспірім ауруханаға түсті: Лагерьде санитарлық тексеріс басталды
Жамбыл облысында «Тұран» демалыс аймағынан 22 жасөспірім Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына жатқызылды. Балаларға алдын ала себебі анықталмаған гастроэнтерит диагнозы қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында полицейлер оқушының жоғалған телефонын тауып берді
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған балаларға шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Қасақана банкроттық жариялаған компаниялар көбейді: 44 қылмыстық іс қозғалды
Мемлекеттік кірістер комитеті қасақана банкрот болған компаниялар саны артқанын хабарлады. Яғни, компаниялардың қарыздан әдейі қашу үшін мүлікті жасырып, активтерді шығарып, сот арқылы банкрот болған жағдайлары жиілеген. Алайда қазір мұндай әрекеттер анықталып, оған барған компаниялардың құрылтайшылары мен басшылары жеке жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде инклюзивті спорт кешені ашылды
Ақтөбеде мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Қуат» инклюзивті спорт кешені ашылды. Аумағы 4885 шаршыметр ғимаратта 20-дан астам спорт түрімен айналысуға болады. Мұнда жүзу бассейні, әмбебап спорт залы, күрес залы, үстел теннисі залы және ашық спорт алаңдары бар. Спорттық сайыстарды тамашалауға келетін көрермен үшін де 200 орындық арнайы зал жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.