Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.
Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.
2023 жылғы 3 қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның регби федерациясының президенті қызметіне тағайындалды.
2025 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.
Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметін 2022 жылдан бері Райымбек Баталов атқарып келген.