П
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында мыңдаған адам -20 градус аязға қарамастан, президент Дональд Трамп әкімшілігі жүргізіп жатқан иммиграциялық репрессияларға қарсылық білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Болгарияны алғаш рет әйел адам басқарады
Болгария президенттік институтының 33 жылдық шежіресінде алғаш рет мемлекет тізгіні әйел адамға өтті. 61 жастағы Илияна Йотова ел тарихындағы алтыншы мемлекет басшысы әрі Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы ретінде қызметіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Трамп Венесуэлада қолданылған құпия қару туралы айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post басылымына берген сұхбатында Венесуэла басшысы Николас Мадуроны қолға түсіру операциясы кезінде америкалық әскерилер жаңа құпия қару пайдаланғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында болған жол апатынан 5 адам қаза тапты
Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тапты. Ал зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қаңтар, 2026
Қар, бұрқасын: 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК ел аумағы бойынша 25 қаңтарына арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Әділет министрі: Алатау Конституцияда бекітілген ерекше мәртебеге ие бола алады
Қазақстан Конституциясы әрбір азаматқа түсінікті болуға, ал жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігі – нақты Конституциялық негізге ие болуға тиіс. Мұндай пікірді Конституциялық комиссияның бірінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Жақып Асанов: Жеке деректердің қорғалмауы – мемлекетке тікелей қауіп
Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі цифрлық әлемде азаматтардың құқығы қағаз жүзінде ғана емес, нақты әрі тиімді қорғалуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Жақсыбек Күлекеев: Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс
Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Дихан Қамзабекұлы: Қазақстанның білім беру саясатындағы зайырлы қағидаттарды бекіту қажет
Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегі зайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Қызылордада теміржолды кесіп өтетіндер көбейді
Қызылордада желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Оның аясында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерге әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
«Ақ жол» партиясы банктік құпияны Конституциялық қорғауды күшейтуді ұсынады
«Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет басшысы Ата заңға енгізуді ұсынған концептуалды өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы партияның фракциясын басқаратын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
«Неке – ер мен әйел одағы»: Конституцияда отбасы ұғымын күшейту ұсынылды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейту керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Қаңтар, 2026
Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?
25 қаңтардан бастап елордада жаңа экспресс-маршруттар жолға шығады. Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтып, уақытты үнемдеуге және қала ішінде қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды
Қоғамда резонанс тудырған Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша қызметінен босатылған полиция қызметкері Әбілғазы Артықбай оқиғаның мән-жайын ашып айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Қаңтар, 2026
Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 24 Қаңтар, 2026
Павлодарда тозығы жеткен жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді
Ертіс – Баян өңірінде алдағы жылдары электр стансаларының қуатын арттыру, жаңадан МАЭС салу жоспарланып отыр. Энергетикалық нысандардың жиынтық қуаты 14 мың МВт-қа жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағының басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Қаңтар, 2026
Геосаяси тепе-теңдікті қалай сақтаймыз? Сарапшыдан кеңес
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты географиямен ғана емес, күш теңгерімімен де өлшенуі керек. Елдің екі ірі держава – Ресей мен Қытайдың ортасында орналасуы сауда қатынастарын дамытуда жаңа, дәстүрлі емес тәсілдерді талап етеді. Бұл тұрғыда тәуелділікті жай ғана тарату емес, оны саналы түрде басқару мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды
Алматы билігі тарихи перзентхананың неге сүрілгеніне түсініктеме берді. Жұрттың алуан түрлі пікір қайшылығын тудырған Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ақыры сүріліп, орнында жаңа ғимараттың құрылысы басталды. 1938 жылы салынған ескі ғимарат енді келмеске кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде тараған боксшы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжалға байланысты жауап берілді. Бұл туралы пікірін боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Үйірмеде жасөспірімдерге пойыз басқару үйретіледі
Қарағандыда «Жас теміржолшы» үйірмесіне жыл сайынғы қабылдау басталды. Сабақтарға 12-16 жас аралығындағылар тегін қатыса алады. Сабақтар аптасына 2-3 рет өтеді, бұл сыныптардың толымдылығы мен оқушылардың жасына байланысты анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2026
Әкесін аяусыз ұрған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысындағы Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Кітап сатып алудың соңы қаржыңыздан айырылуға соғуы ықтимал
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда алғаш рет кардиостимулятор орнату операциясы жасалды
Маңғыстау облысында алғаш рет BIOTRONIK Home Monitoring қашықтан бақылау жүйесіне қосылатын жүрек ырғағын реттейтін кардиостимулятор орнату бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қаңтар, 2026
Президент қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2026
Қаржы министрі жекеменшік мектептердің бюджет қаржысын заңсыз пайдаланғанын мәлімдеді
Үкімет жариялаған аудиторлық тексерудің алдын ала қорытындысында жекеменшік мектептердегі бюджет қаражатын жымқыру және АӨК-те қаржыны мақсатсыз пайдалану фактілері тіркелгені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2026
Қысқы Олимпиада: Тау шаңғысы спортынан ел намысын кімдер қорғайды?
Ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Айтулы додада тау шаңғысы спортынан әйелдер арасында ел намысын Александра Скороходова, ерлер арасында Ростислав Хохлов қорғайды, деп жазады Egemen.kz.