Энергетика • 24 Қаңтар, 2026

Павлодарда тозығы жеткен жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс – Баян өңірінде алдағы жылдары электр стансаларының қуатын арттыру, жаңадан МАЭС салу жоспарланып отыр. Энергетикалық нысандардың жиынтық қуаты 14 мың МВт-қа жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz 

Павлодарда тозығы жеткен жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді

Фото: inbusiness.kz

Облыста Екібастұз МАЭС-2 стансасында қосымша энергоблоктарды іске қосу, әрбірінің қуаты 660 МВт болатын төрт энергоблогы бар Екібастұз МАЭС-3 стансасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, Ақсу МАЭС стансасы мен Павлодардағы ЖЭО-2 орталығын жаңғырту, сондай-ақ баламалы энергетика жобаларын, оның ішінде қуаты 500 және 1000 МВт болатын жел электр станцияларын салу көзделген. Нәтижесінде өңірде жалпы орнатылған қуат көлемі 14 мың МВт-қа дейін артып, елдің энергетикалық балансындағы үлесі 50% асатын болады», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Павлодар халқы бәрінен бұрын жергілікті ЖЭО-2 стансасының жаңартылатынына қуанышты. Аталған орталық өте көне, 1961 жылы пайдалануға берілген, әрі ол шаһарда пайда болған алғашқы жылу стансасы.

Павлодар облысы

Екібастұздағы алып мұржа

Соңғы жаңалықтар