П
Салық • 26 Қаңтар, 2026
«Таза парақтан» реттеу: Кәсіпкерлерден қандай өтініштер келіп жатыр?
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобасы кеңсесінің екінші отырысы өтті. Жиында шағын және микро бизнесті «таза парақтан» салықтық реттеу тетіктері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 26 Қаңтар, 2026
Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады
Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Комиссия жұмысы қоғамның заманауи сұраныстарына жауап беретін Ата заңды дайындауға бағытталғанын атап өтті. Ол «AMANAT» партиясы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып отырғанын және Президент бастамаларын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Үнзила Шапақ: Конституцияның преамбуласын жаңарту елдің идеологиялық бағытын айқындайды
Конституциялық реформа аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ көтерді. Бұл ұсынысын ол Конституциялық комиссияның отырысында білдіріп, өз ойын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді
2026 жылғы 25 қаңтарда кешкі сағат 18:10 шамасында учаскелік полиция пунктінің алдында құқық қорғау органдарына тиесілі екі қызметтік көлік лаулап өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылды
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасында жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Қаңтар, 2026
«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?
«Zhibek Zholy» туристік пойызы жобасының кезекті кезеңін наурыз айында бастау жоспарланып отыр. Туристік пойыз Ұлы Жібек жолының тарихи бағытымен өтіп, Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы қалаларын аралайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі
Елордалық «Astana Recycling Plant» ЖШС-ға тариф бағасын негізсіз көтергені үшін 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 26 Қаңтар, 2026
«Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік»: Батырға арналған энциклопедиялық жинақ жарық көрді
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай «Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік» атты энциклопедиялық жинақ жарық көрді. Кітаптың салтанатты тұсаукесеріне Сенат депутаттары Амангелді Нұғманов пен Амангелді Есбай қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қаңтар, 2026
Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды
Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 90 мыңға жуық түлек тест тапсырды. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балды жинаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Президент: Деструктивті ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту қажет
Президент Бас прокуратурада өткен жиында азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Енді елімізде шетелдіктердің жүріс-тұрысы қатаң бақыланады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиын барысында көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды өте өзекті мәселе ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы: Құқық қорғау жүйесін цифрландыру жүйесіз жүргізіліп жатыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиында құқық қорғау органдарындағы цифрландыру үдерісінің біркелкі емес екенін атап өтіп, цифрлық шешімдерді жүйелеу, азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту және киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 26 Қаңтар, 2026
Алаяқтық тыйылмай тұр: Жеке кәсіпкер жазықсыз жаза арқалады
Есіл ауданының полиция қызметкерлері банктағы есепшот арқылы алаяқтық операция жүргізген деген күдікпен іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ
Президент Бас прокуратурада жиын өткізіп, елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Серік Сәпиев басынан өткен жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады
Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев 21 қаңтар күні орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты Серік Сәпиев ресми мәлімдеме жасап, жанжалға не түрткі болғанын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Қаңтар, 2026
Жаңа қауіпті вирус: Үндістаннан келген адамдар ерекше бақылауда болады
Елімізде Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Депутат Конституцияның «Жалпы ережелер» бөлімін жаңаша атауды ұсынды
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева қазіргі Конституцияның «Жалпы ережелер» атты бірінші бөлімінің атауын «Конституциялық құрылыс негіздері» деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: Ата заңның қай баптары қайта қаралады?
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева бірінші отырыс қорытындысы бойынша дайындалған салыстырмалы кестені таныстырып, Преамбула мен 1-39 баптарды жүйелі түрде қарауды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Вице-президент: Әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Вице-президент лауазымын енгізу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл бастама қоғам назарын бірден аударды. Саясат тарихына үңілсек, аталған қызмет иелерінің мемлекет басқару ісінде шешуші рөл атқарған кезеңдері аз емес. Сондықтан билік жүйесінің жүгін жеңілдетіп, сабақтастық пен тиімділікті қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырылатын бұл институт арбаның бесінші дөңгелегі емесі анық.
Технология • 26 Қаңтар, 2026
2030 жылға қарай суперкомпьютерлер кез келген құпиясөзді бұза алады
Суперкомпьютерлер мен кванттық технологиялардың қарқынды дамуы банк деректерінен бастап, мемлекеттік құпия ақпараттарға дейін үлкен қатер төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Астаналық кәсіпкер жаңа бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Елордалық полиция қызметкерлері алаяқтық схемасына қатысы бар деген күдікпен азық-түлік дүкенінің иесін анықтады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әйел заңсыз ақша айналымына көмектескені, яғни «дропперлік» жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 26 Қаңтар, 2026
Микро және шағын бизнес салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» бастайды
Үкімет экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Полиция Threads желісіндегі таныстықтан сақ болуға шақырды
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында, «жар іздеймін», «күйеу іздеймін», «байыпты қарым-қатынас іздеп жүрмін» деген танысуға шақыратын жазбалар жиілеп кетті. Мұндай посттардың артында нақты адамдар да, алаяқтар да болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2026
Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
26 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының оқушылары онлайн оқу форматына көшірілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
FlyArystan әуе компаниясының ұшағы құстармен соқтығысуына байланысты Орал қаласының әуежайында кідіруге мәжбүр болған. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Жанжал түбі – жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?
Саясат, жанжал немесе күтпеген оқиға кейде брендтерге қымбат жарнамадан да күшті әсер етеді. Қазіргі медиакеңістікте бір сурет, бір мем (әзіл сурет) немесе бір даулы жаңалық санаулы сағат ішінде тауарды сәнге айналдырып, сатылымды күрт өсіре алады. Алайда мұндай «тегін танымалдық» бизнестің алдында этикалық әрі стратегиялық күрделі таңдау қояды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қаңтар, 2026
Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ақпан айының 6-22 күндері XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты додасына 93 елден барлығы 3 500-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде спутниктік технологияларды пайдалану арқылы 504 ауылдық елді мекен интернет желісіне қосылды. Жобаны – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-та соңғы 100 жылдағы ең күшті дауылдардың бірі – «Ферн» ел аумағын шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.