Ай
Әлем • 27 Желтоқсан, 2025
Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс-премьер 15 жылға сотталды
Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разак мемлекеттік инвестициялық 1Malaysia Development Berhad (1MDB) қорының қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025
Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды
«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 180-шақырымында, Теміртау қаласы маңында жолаушылар автобусы техникалық ақауға ұшырады. Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2025
27 желтоқсанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелді?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Қырғызстанда сайлауға қатыспағандарға айыппұл салынуы мүмкін
IV Ұлттық құрылтай қорытындысын шығару барысында Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарына азаматтардың сайлауға міндетті түрде қатысуын қарастыратын заң жобасын дайындауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 26 Желтоқсан, 2025
Көкпекті ауданының әкімі сайланды
«Сайлау туралы» заңға сәйкес 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанай мен Қызылорда әуежайларына айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай мен Қызылорда қалаларындағы әуежайларды әуе отынының бағасын негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды
26 желтоқсанда Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, ағасы екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
ШҚО мен Абай облысындағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
26 желтоқсан сағат 18:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?
2025 жылы қоғамға ауыр әсер еткен оқиғалар аз болмаса керек. Адам өлімімен аяқталған ірі жол-көлік апаттары (ЖКО) жиіледі. Кейбір өндіріс орындарында адам өліміне әкелген апаттар тіркелді. Сонымен қоса, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары да болды және жастар арасында суицид оқиғалары тіркелді. Бұның бәрі әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, психологиялық қолдау салаларын күшейту қажеттігін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл түні қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?
Жаңа жыл мерекесінде айыппұл салынатын жағдайлар тек отшашумен шектелмейді. Мерекеде тыныштық сақтау ережесін бұзбаған жөн, әйтпесе тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Мюнхен – Бейжің бағытындағы Lufthansa авиакомпаниясының рейсінде жолаушы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Балқаш қаласының әуежайында жүріп жатқан ауқымды реконструкция жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Келесі жылдан бастап әуе айлағы күн сайын 8-9 ұшақты қабылдауға дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды
Қостанайда писхоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. 60 орындық орталықта жылына бір жарым жастан асқан және 18 жасқа дейінгі 900 бала емделетін болады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Ақсайда келешек мектебі ашылды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
ҚХДР басшысы Ким Чен Ын стратегиялық маңызы бар, су сыйымдылығы 8 700 тонна болатын жаңа атомдық сүңгуір қайықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл жоба Пхеньянның қорғаныс қабілетін арттырудағы бес негізгі міндеттің бірі ретінде бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Шымкент әуежайы авиаотын бағасын қолдан өсірген
Шымкентте жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғандарға 52 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Соның ішінде «Шымкент әуежайы» АҚ авиаотын нарығында монополиялық жоғары баға белгілегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Қолайсыз ауа райы мен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 26 желтоқсанда Қостанай облысының бірқатар қаласы мен ауданында оқушылар қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
Бүгін елімізде аяз, бұрқасын күтіледі
«Қазгидромет» РМК 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
Шығыстағы екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 25 Желтоқсан, 2025
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы ойшыл, қазақ руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Жас ұрпақ және Абай мұрасы» атты тағылымды форум өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді
Соңғы жылдары қайырымдылық қорларына қатысты қатысты келеңсіз оқиғалар көбейгені жасырын емес. Көп жағдайда әлеуметтік мәселелермен айналысатындардың әрекеті ашық жүргізілмейтіндіктен, күмән туғызатын жағдайлар да жеткілікті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2025
Дияр Нұрғожай бразилиялық спортшымен күш сынасады
UFC-де жартылай ауыр салмақ дәрежесінде айқасып жүрген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожайдың кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 500 балаға арналған Оқушылар сарайы ашылды
Абай елінің аспанға лақтырған бөркі жерге түскен жоқ. Айналасы бір аптада бірнеше аса қат нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Шын мәнінде облыс орталығы – қарт Семейдің бойына қан жүргендей, түлей түсті. Соның бірі – Оқушылар сарайы.
Сауда • 25 Желтоқсан, 2025
2025 жылы жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды?
2025 жыл еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығы үшін оңай жыл болған жоқ. Жыл бойы пәтер бағасы айтарлықтай өсіп, ипотекалық несиелер қымбаттап, көпшілік үшін қолжетімсіз бола түсті. Сонымен қатар құрылыс саласына қатысты заңнаманың қатаңдауы, салық өзгерістері мен мемлекеттік бағдарламалардың қысқаруы нарықтағы ахуалға тікелей әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2025
Еліміздің 13 облысында жол қозғалысы қиындайды
25 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында жаңбыр аралас қар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, солтүстік және батыс аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2025
Абай ауданында халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағдарламалар аясында кеше 38 кезекте тұрған азамат жаңа қонысқа көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Желтоқсан, 2025
Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салынуы мүмкін
Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту және Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Астанада жаңа әуежай салуды ұсынды
Астананы дамыту жайлы кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастап тұр
Каратэ спорты бойынша қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай дүниежүзілік рейтингтегі бірінші орнын сақтап тұр. 2023 жылы каратэден жаһандық жарыста топ жарған ол 50 келі салмақ дәрежесінде көшбасшылығын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.