Соңғы жаңалықтар
Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025
Ресейде Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Ресей Федерациясында Ақтау маңында құлаған AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімге Әзербайжан тарапы қатаң реакция білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2025
27 желтоқсандағы валюта бағамы жарияланды
Ұлттық банк 27 желтоқсанға арналған шетел валюталарының теңгеге қатысты ресми бағамдарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2025
Әлия Юсупова Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанды
Қазақстанға танымал спортшы, жазғы Олимпиада ойындарының екі дүркін қатысушысы, қоғам қайраткері әрі салауатты өмір салтын насихаттаушы Әлия Юсупова «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025
Астанада тұрғын үйден өрт шықты: ТЖМ 9 адамды эвакуациялады
Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Сарыарқа даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 27 Желтоқсан, 2025
Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті Грузияда ұсталды
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Желтоқсан, 2025
Қазақстан онлайн-қызметтер бойынша әлемнің ТОП-10 еліне кірді
Қазақстан жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және цифрлық экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2025
27 желтоқсанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелді?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 27 Желтоқсан, 2025
Енді «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.
Ғылым • 27 Желтоқсан, 2025
Отандық зерттеушілер адам тынысындағы ацетонды дәл анықтайтын жаңа сенсор әзірледі. Бұл технология болашақта диабетті инвазивсіз, яғни қан алмай анықтаудың қолжетімді тәсіліне айналуы мүмкін. Назарбаев университетінің «National Laboratory Astana» зертханасында жүргізілген зерттеу «Sensors International» журналында жарияланды.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Кезінде Зайсан ауданының Дайыр ауылында елге сыйлы, өңірде алғаш рет электр жүйесі саласында ұзақ жыл қызмет еткен тыл ардагері Қабаш Тұрдыбеков деген қария тұрды. Осыдан 13 жыл бұрын өмірден өткен ақсақал тірі болғанда бүгінде ғасыр тойын жасап жатушы еді. Өмірі өнегелі қарияны неге еске алып отырмыз?
Мирас • 27 Желтоқсан, 2025
«Қырық батыр» қамқорлыққа зәру
Кеңес билігі кезеңінің алғашқы үш онжылдығында түркітілді халықтардың батырлық жырларын жинақтап зерттеу назардан тыс қалды. Бұл жағдай «орыс халқының және түркітілді елдердің батырлық жырлары шынайы тарихи уақиғаларды баяндайтын халықтық шығармалар, олардың құндылығының негізін батырлық рух пен отан қорғау идеясы құрайды» деген ғалымдар 1936 жылы тұжырымдаманы қабылдағаннан кейін өзгерді. Бұл кезде Еуропада гитлерлік Германия бастаған соғыс өрістеп, кеңес одағының батыс шекарасына жақындаған еді. Осындай қысылтаяң жағдайда коммунистік партияның идеологтері одақтық ұлттардың қаһармандық эпостарын кеңес халқын гитлерлік басқыншыларға қарсы соғыста отанын қорғауға жұмылдыруға, майдангерлердің батырлық рухын көтеруге пайдалануды көздеді. Сөйтіп, түркітілді халықтардың батырлық жырларын жинақтауға жол ашылғандай болды. Қазақ елінің батыс аймағында ауызша тараған батырлық эпос-жырлардың жаңа заманда жаңаруына алғышарттар туындады.
Өнер • 27 Желтоқсан, 2025
Қысқы мерекелер қарсаңында «Астана Опера» театры елордалық көрерменді асқақ әуендер мен рухани жылылыққа бөлеп, ерекше музыкалық кеш ұсынды. К.Байсейітова атындағы Камералық залда «Рождество сиқыры» концерті көне музыка жауһарларынан шашу шашты.
Жәдігер • 27 Желтоқсан, 2025
Сармат әйелдің жұмбақ қобдишасы
Археологтер 2021 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Ұрысай оба кешенінен табылған қобдишаның құпиясын ашты.
Өнер • 27 Желтоқсан, 2025
Қазақ аспанын қақ жарып, Қызылорда, Жезқазған даласын жүректі жарардай солқ еткізіп, Байқоңырдан алып ғарыш кемелері мен зымырандар ұшырылып жатса да жердің иесі, елдің егесі қазақ халқына ешқандай қатысы жоқтай көрінетін. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Байқоңыр мен сол аумақтағы елді мекендерді дамыту қолға алынды. Байқоңырдың атауы да тек 1995 жылы қайтарылды, оған дейін Ленинск деп аталатын.
Заң мен Тәртіп • 27 Желтоқсан, 2025
Лудомания: Заңның жауапкершілігі бәрімізге ортақ
Лудоманияның себебі мен салдарын саралап, зардабын зерделейтін болсақ, оның бір ғана адамның басына түскен бақытсыздық емес екенін көреміз. Бұл – тұтас бір отбасының тағдырын талқандайтын, тіпті, бүтін бір әулеттің берекесін қашырып, ет жақындарының жүйкесін жұқартатын, қала берді ұлттың болашағына балта шабатын қоғамдағы қауіпті әлеуметтік дерт.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2025
Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен салтанатты жиында спорт саласы бойынша жыл үздіктері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Басылым • 27 Желтоқсан, 2025
Тобыл-Торғай күйлерінің топтамасы
Арқалықта «Тобыл-Торғай күйлері» деген атпен жарыққа шыққан жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Жинақты бірнеше жыл бойы архив ақтарып, ел аралап, көнекөз күйшілермен кездесіп жүріп құрастырып шыққан – өлкетанушы ғалым Батырлан Сағынтаев пен музыка зерттеуші Ермек Қазмұхамбет. Құрастырушылар Тобыл-Торғай күйшілік мектебіне телініп жүрген 150-ден астам күй тапқан. Жинаққа содан іріктеліп алынған 80 күй еніп отыр. Оның ішінде 11 халық күйі, 69 авторлық туынды бар.
Заң мен Тәртіп • 27 Желтоқсан, 2025
«Қуырдақтың көкесіндей» қаржылық қитұрқы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз», деген еді. Бұл ретте, әсіресе халыққа адал қызмет етуге ант берген мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершілік зор. Алайда еліміздегі мемлекеттік органдардың бәрінде бірдей заң үстемдігі орнап, темірдей тәртіп жолға қойылды деуге әлі ерте.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2025
Қоңыртөбенің баурайына жайғасқан Ақтерек ауылынан түлеп ұшқан қаламгер, есімі елге танымал журналист-жазушы, Ақпарат саласының үздігі, халықаралық Жамбыл атындағы және Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Гүлзейнеп Сәдірқызының мерейлі жасқа толуына орай, аудандық Мәдениет үйінде «Әйел жаны» атты әдеби-сазды кеш өтті. Атауы айтып тұрғандай әйел тағдырын арқау еткен шығармашылық кешке зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, қаламгердің әріптестері мен ауылдастары қатысты.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2025
Жазушылар одағының жыл қорытындысы
Астанада алғаш рет «Жас әдебиеттің көкжиегі» тақырыбында Жазушылар одағының жыл қорытындысы өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада Жазушылар одағының 2025 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, отандық әдебиеттің қазіргі даму бағыты мен алдағы жоспары талқыланды.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2025
Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды
Бүгінде міндетті таңбалауға темекі өнімдері, аяқкиім және дәрілік заттар жатады. Енді елімізде сыра өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар да цифрлық таңбалау жүйесіне тіркелуге міндетті.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2025
ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 2006 жылы құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) алдына шағын кәсiпкерлiктi дамыту, әлеуметтiк жобаларды iске асыру, iшкi нарықты бәсекеге қабiлеттi өнiмдермен қамтамасыз ету арқылы өңiрлердiң әлеуметтiк жай-күйiн жақсарту міндеті қойылған еді. Алайда арада өткен жиырма жылға жуық уақыт ішінде ӘКК-лердің тұрақтандыру қорларының көмегімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектен тыс қымбаттатпай ұстап тұруға және шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысы мардымды нәтиже берген жоқ. Оған аспанға шарықтап кеткен азық-түлік бағасы айғақ.
Сараптама • 27 Желтоқсан, 2025
Көлік нарығы көңіл көншіте ме?
2025 жыл отандық автокөлік нарығының бүкіл тарихындағы ең табысты болды. Қазақстанның Автокөлік одағының дерегінше, биылғы қаңтар-қараша айларында отандық дилерлерден 207 мың жаңа автокөлік сатып алынған. Бір қарашаның өзінде 25 мың жеңіл көлік сатылған. Бұл нарықтағы айлық сатылымның рекордтық көрсеткіші болып отыр.
Денсаулық • 27 Желтоқсан, 2025
Саламатты қоғам құрудың түп негізі
Халыққа сапалы, қолжетімді, әділ медициналық қызмет көрсету мақсатында енгізілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты пікір көп. Әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға ортақ жауапкершілік негізінде құрылған, әлеуметтік бағдарланған үлгі өз міндетін хал-қадірінше атқарып келеді. Жыл тоғысында «МӘМС жүйесін қаржыландырудағы жаңа тәсілдер: өзгерістер кімдерге және қалай әсер етеді» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында саладағы соны жаңалықтар жан-жақты баяндалды.
Еңбек • 27 Желтоқсан, 2025
Биылғы жылды Науырзым өңіріндегі «Богдан» шаруа қожалығы табысты аяқтады. Егін өсірумен қатар, асыл тұқымды мал басын көбейтіп отырған шаруашылық жергілікті тұрғындарын еңбекке жұмылдырып, бірталай отбасының ауылда тұрақтап қалуына ұйытқы болып отыр.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Жұмысшы мамандықтары жылы қатардағы еңбек адамдарының мерейін өсірді. Жастардың техникалық мамандықтарға, өндіріс саласына қызығушылығын арттыра түсті. Өз ісінің шеберлері қарапайым еңбек ете жүріп те елдің ыстық ықыласына бөленіп, алғысын арқалауға болатынын жақсы біледі.
Мәселе • 27 Желтоқсан, 2025
Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді
Су ресурстары XXI ғасырдың ең күрделі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің біріне айналды. Климаттың өзгеруі, халық санының артуы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің суға тәуелділігі мемлекеттер арасындағы трансшекаралық су қатынастарын барынша шиеленістіріп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашхабад форумында БҰҰ жүйесінде су мәселесімен тікелей айналысатын арнаулы халықаралық ұйым құру қажеттігі туралы көтерген бастамасы – осы жаһандық сын-қатерлерге берілген уақтылы әрі жүйелі жауап.
Медицина • 27 Желтоқсан, 2025
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүрек ауыстыру операциясы жасалып, терминалдық кезеңдегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан 34 жастағы азаматқа донорлық жүрек салынды.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2025
Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды
Еліміз жасанды интеллектіні ауқымды енгізу мен цифрлық экономиканың негізгі көрсеткішін тұрақты өсіру арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтпақ.
Пікір • 27 Желтоқсан, 2025
Осыдан бірнеше жыл бұрын бас құраған екі жас шетелдік дипломдарымен елге келіп жұмыс іздеді. Тәуірін тапты-ақ. Бірақ береке таппады. Өйткені тәжірибесіз маманға беретін жалақының жартысы пәтер жалдаудан, жартысы жүріп-тұру мен тамақтан артылмайды. Ақыры шетелге кетті, бақшаға барып жидек терді.