Құрылыс • Бүгін, 17:42

Құрылыс нарығы: Қай компания салықты көп төлейді?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы құрылыс секторы ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс секторы ІЖӨ-нің 6,1%-ын немесе 9,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте еліміздің құрылыс саласы бір жыл ішінде 15,9%-ға өсті, бұл – экономиканың барлық салалары арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, деп жазады Egemen.kz.

Құрылыс нарығы: Қай компания салықты көп төлейді?

фото: ашық дереккөз

2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 20 млн шаршы метрден асты, оның 90%-ы жеке құрылыс компаниялары арқылы салынды. Жалпы тұрғын үй қоры 447,3 млн шаршы метрге жетіп, адама басына шаққандағы тұрғын үй көлемі 25,1 шаршы метр болды.

Салық кодексіндегі түзетулер қашан күшіне енеді?

Құрылыс секторы тек әлеуметтік-экономикалық тиімділікті ғана емес, мемлекеттік бюджеттің негізгі доноры екенін де көрсетеді. 2025 жылы ең ірі құрылыс компанияларының салық төлемдері:

  • BI Group – 90 млрд теңге, соңғы бес жылда 300 млрд теңге шамасында.

  • «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы – 28,2 млрд теңге.

  • «Сенімді Құрылыс» ЖШС  – 26,3 млрд теңге, жылдық салыстырмалы түрде 54,5% төмендеген.

  • BAZIS-A – 24,2 млрд теңге.

  • «Integra Construction KZ» ЖШС – 22,7 млрд теңге.

Барлық 26 ірі құрылыс компаниясы 2025 жылы жалпы 312 млрд теңгеден астам салық төлеген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары.

Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?

Осылайша, құрылыс секторы ел экономикасының белсенділігін арттырумен қатар, бюджетке елеулі салық түсімін қамтамасыз ететін маңызды бағытқа айналды.

Соңғы жаңалықтар