Соңғы жаңалықтар
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Астанадағы өрт: 800 шаршы метр аумақты жалын шарпыды
Елорданың Сарыарқа ауданында болған жойқын өрттің мән-жайы белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары бірнеше сағатқа созылған тілсіз жауды толықтай сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2025
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. 28 желтоқсан күні таңертең басталған боран мен көріну деңгейінің төмендеуі жол қозғалысына қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Желтоқсан, 2025
Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласқан
Абай облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың жаңа қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2025
Соғыс сарбазының сүйегі туған жеріне қойылды
Қызылордадағы «Тағзым» алаңында екінші дүниежүзілік соғыста Ресейдің Псков қаласын азат етуде оққа ұшқан Байбол Рахметов рухына әскери құрмет көрсету шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2025
Биыл жаңажылдық шырша қаншадан сатылып жатыр?
Жаңа жыл қарсаңында шырша саудасы қызып тұр. Тұрғындар үшін таңдау да сан-алуан. Біреулер шынайы өсіп тұрған қылқан жапырақты өсімдікті таңдаса, табиғатқа жаны ашығаны жасанды шыршаны сатып алып жатыр. Тіпті шыршаны бөлмеде өсіріп, көпшілікті таңғалдырып жатқандар да бар, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
«Барыс» «Амурдан» ұтылып қалды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Шығыс конференциясының соңғы орындарында келе жатқан қос команда күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдар солтүстіктегі Газа қаласына және оңтүстіктегі Хан-Юнусқа бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Желтоқсан, 2025
БҰҰ: Денсаулық сақтауға инвестиция салынбаса, бұдан да жойқын пандемияға тап боламыз
Халықаралық қауымдастық тарапынан тиісті назар аударылмаса, болашақтағы індеттер ауқымы мен ауырлығы жағынан бұрынғы індеттерден де асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 28 Желтоқсан, 2025
2025 жылы ғылымды коммерцияландыру нәтижесі қандай?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық есебіне арналған баспасөз мәслихатында отандық ғылымның коммерцияландыру бағытында нәтижеге жеткенін мәлімдеді.
Кино • 28 Желтоқсан, 2025
Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
2025 жылы мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген «Qaitadan» фильмі киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді
АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді. Елдің солтүстік-шығыс өңірін қалың қар басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2025
2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?
Үкімет 2026 жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлаған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, тиісті заң жобасы әзірленіп, 2025 жылдың соңына қарай парламентке енгізіледі. Агенттік төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жаңа жүйе табиғи зілзалалар салдарынан тұрғындардың қаржылық қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичті (№11) жеңді, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2025
Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары оның «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» қағидатына негізделген саясатының нақты көрінісі болды. Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриялық аймағын, бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап, химия, металлургия және агроөңдеу салаларындағы жобалармен танысты. Сондай-ақ өңір жұртшылығымен кездесуде аймақтық өзгерістерді жалпыұлттық реформалармен, цифрландырумен, жаңа салық саясаты және парламенттік реформамен өзара сабақтастыра қарастырды. Осы орайда Президент Жолдауында айтылған стратегиялық басымдықтар жөнінде Халық шаруашылығы университетінің аналитигі, адъюнкт-ассистент профессоры Сұлтанбек Қайыммен әңгімелестік.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді
Футзалдан Қазақстан кубогінің финалына шыққан қос команда анықталды. Бірақ солардың қатарында күні бүгінге дейін қарсылас шақ келтірмей келген Алматының «Қайраты» жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті
Түркістан облысында халықаралық маңызы бар тасжолдың бойында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары тілсіз жауды ауыздықтап қана қоймай, ірі жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2025
Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады
Оңтүстік Кореяның Хангук шетел тілдері университетінің магистранты, Орталық Азия бойынша сарапшы Чон Мин У «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты 2025 жылғы Президент Жолдауының негізгі бағыттарына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2025
Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды
Ақтау қаласында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ пайда болып, қоғамдық көлік қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады
АҚШ Нигерияның солтүстік батысында ИГИЛ (Ислам мемлекеті) қатарына жатқызылған лаңкестерге қарсы әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды
Чехияның Прага қаласындағы O2 Arena (20 мың орындық) алаңында Oktagon ұйымының чемпиондық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Ақтөбеліктер жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ақтөбеде өткен халықаралық инвестициялық форумда айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп соғысты тоқтату жоспарын келісу үшін Флоридада кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 28 Желтоқсан, 2025
28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды
Ұлттық банк 28 желтоқсанға арналған шетел валюталарының теңгеге қатысты ресми бағамдарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан 5 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2025
Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде қала активі мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимарат өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол жарыста Қазақстанның бірқатар былғары қолғап шеберлері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 28 Желтоқсан, 2025
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйелдердің саны артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Алматының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар теңіз деңгейінен шамамен 3 700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан екі адамның мәйітін тапты. Бұған дейін осы топтағы тағы бір адамның қаза тапқаны анықталған еді. Осылайша, оқиға салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Тайвань мен Перу жағалауларында бір мезгілде қуатты жер сілкіністері тіркелді. Тайвань билігі алдағы апта бойы магнитудасы 5 балдан асатын афтершоктар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Egemen.kz.