у
Ата заң • Кеше
Астанада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті
Астананың Нұра ауданы әкімдігінде жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерге арналған ашық қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды
Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ainala» емдеу – оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Қазақстан-Монако матчы басталар алдында Александр Бублик қазақы дәстүрмен бүлдіршіннің тұсауын кесті
Дэвис кубогі шеңберінде Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матч қарсаңында өткен жеребе тарту рәсімі бұл жолы ұлттық нақышқа бай мазмұнмен өрілді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Ерлан Қарин: Қолданыстағы Ата заңның көптеген тұстарын бірнеше рет қайталап оқысаңыз да, түсінбейсіз
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мазмұн, ұстаным, мағына, жаңашылдық, тілдік норма жағынан қолданыстағы Конституция мен жаңа Ата заңның арасындағы айырмашылық біршама екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның VIII отырысында жаңа Ата заңның жобасындағы 18-бапты нақтылауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Жандос Өміралиев: Күдіктіні дереу оқшаулау − құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеті
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиевтің айтуынша, Конституция жобасының орыс тіліндегі нұсқасында техникалық қате кеткен. Соған байланысты 18-бапқа қатысты заңгерлерден бірқатар ұсыныс түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Елімізде азаматтарға несие беру қарқыны баяулап, банктердің басым бағыты бизнес пен нақты секторды қаржыландыруға ойыса бастады. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған шектеу шаралары өз нәтижесін беріп, әсіресе кепілсіз тұтынушылық несиелердің бұрынғы екпіні бәсеңдеген деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • Кеше
Жетісу облысының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді
Бүгін түскі уақытта Жетісу облысында жер сілкінісі болды. Кейбір алматылықтар да әлеуметтік желілерде қаланың жекелеген аудандарында әлсіз дүмпуді сезгенін жазды. Оқиғаға Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды
Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында комиссия төрағасы Эльвира Әзімова е-Өтініш платформасынан 4 мыңнан астам ұсыныс түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?
Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания, алкоголизм, буллинг және суицидтің алдын алу профилактикасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 1-2 курс студенттерінен құралған 160 студент қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • Кеше
Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Жиын қорытындысында қатысушылар Қазақстанның Ата заңына енгізілетін өзгерістерді толық қолдайтындарын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады
Германияда қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцовтың Мәскеудегі пәтерде түсірілген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеоны ресейлік 112 Telegram арнасы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Конституциялық реформаға арналған талқылау өтті. Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан келген партия белсенділері Ата заңның жаңа жобасын саралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Роналду «Әл-Насрдан» мерзімінен бұрын кетуі мүмкін
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен жаттығуын қайта бастады. Португалиялық шабуылшы бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында клуб түстеріндегі жүрекшелермен бірге жазба жариялады. Алайда футболшының болашағына қатысты түйткілді мәселелер әлі де шешімін тапқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Алматыда бір мезгілде 6 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. Такси жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Кеше
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде (ҚӨУ) «AI-кәсіптік бағдарлаушы» жасанды интеллект (ЖИ) агенті таныстырылды. Аталған инновациялық цифрлық шешім мектеп оқушыларына болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесуге бағытталған. Әзірлеме ЖИ негізінде құрылған заманауи кәсіптік бағдар беру құралдарының бірі және бірнеше дәлелденген әдістемені біртұтас жүйеге біріктіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіне қарасты шалғайда орналасқан Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылы ақпан айында басталып, биылғы қаңтарда толық аяқталды. Нәтижесінде екі елді мекенде 207 абонент табиғи газға қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • Кеше
Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды
Аталған облыстың Созақ ауданында заңсыз алтын өндірген топ анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда салық берешегіне қатысты талаптар күшейтіліп, белгілі бір шектен асқан қарыз үшін азаматтардың банк шоттары бұғатталады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қайсар Арын мәлімдеді. Өзгерістер салықтық тәртіпті нығайтуға және жаңа Салық кодексіне біртіндеп бейімделуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жаңа деңгейге шығаратын маңызды бастама қолға алынды. Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмысын реттейтін қағидаларды әзірлеп, тиісті нормативтік құжатты қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Сары құрлықтың ең үздік велошабандоздары Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында бас қосты. Дүбірлі дода бүгін басталып, тура бір аптадан кейін мәреге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?
Түркістан облысында ауыр жүк тасымалдаушылар тарапынан 2 720 құқық бұзушылық анықталып, 437,1 млн теңге айыппұл салынған. Ауыр жүк көліктерінің жолдарға келтіретін жылдық шығыны орта есеппен 12,3 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
5 ақпанда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 5 ақпанда Қазақстанның 15 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Сондай-ақ бүгін Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
«Қайрат» төрт жолдастық кездесу өткізеді
Алматының «Қайрат» футбол клубы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • Кеше
Бас Прокурордың орынбасары тағайындалды
Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады
«Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партияның Ұлттық кеңесінің Пленумы өтті. Онда қатысушылар Парламенттік фракцияның Конституцияның жаңа жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Ақпан, 2026
Биыл елімізде қандай әлемдік жарыстар өтеді?
Былтыр 30-ға жуық әртүрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар өтсе, биыл да ел аумағында әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өткізу жоспарланып отыр. Жарыстар Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Талғар, Ақтау қалаларында өтіп, қысқы, жазғы, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерін қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
ҚХП аймақтарда жаңа Конституция жобасын талқылауды жандандырды
Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасын халық арасында түсіндіру және талқылау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Партияның аймақтық филиалдары маңызды кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» өткізді, деп жазады Egemen.kz.