Спорт • Бүгін, 12:08

Қос қазақстандықтың тартысы: Майамиде Рыбакина Путинцеваға қарсы ойнайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Майамидегі беделді WTA-1000 турнирінде қазақстандық теннис жанкүйерлерін ерекше матч күтіп тұр. Юлия Путинцева келесі кезеңге өтіп, енді әлемдік деңгейдегі тағы бір отандасы Елена Рыбакинамен кортта жолығады, деп жазады Egemen.kz

Қос қазақстандықтың тартысы: Майамиде Рыбакина Путинцеваға қарсы ойнайды

Юлия Путинцева алғашқы айналымда Индонезия өкілі Джанине Ченді үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді – 3:6, 6:3, 6:4. Екі сағат алты минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші жігер танытып, есепте кейін қалып қойса да, ойынды өз пайдасына бұра білді. Путинцева екі эйс жасаған. Ал қарсыласы 12 эйс орындағанымен, тоғыз рет қос қателікке жол берді.

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Осылайша Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымына шықты. Енді ол Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Бұл матч қазақстандық теннис үшін айрықша оқиға болмақ.

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді

Айта кетейік, дәл осы күндері ел ішінде де футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші тур ойындары өтіп жатыр. 20-22 наурыз аралығында сегіз матч жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар