Экономика • Кеше
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
16 мамырда еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Мамыр, 2026
Ортақ құндылықтар мен ортақ мүдде: Түркі әлемінің даму бағыты
Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) халықаралық қатынастар жүйесінде өңірлік интеграцияны тереңдетуге бағытталған маңызды алаңдардың біріне айналып отыр. Ұйым аясында саяси диалогты нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты арттыру бағытында бірқатар жүйелі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Түркі әлемінің ортақ тарихи тамырлары мен құндылықтары бұл үдерістің негізін құрайды.
Спорт • 15 Мамыр, 2026
Қақпашы Темірлан Анарбековке Түркия көз тігіп отыр
Түркиялық скаут Али Эмре Темірлан Анарбековты «Фенербахче» клубында көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды
Ішкі істер министрлігі алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасайды. Тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Биыл 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізді. Бұл операция барысында ел тұрғындарын алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Арнайы операция нәтижесінде 53 шетел азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Түрмеден кейін де тіршілік бар: Қызылордада сотталғандарға жұмыс ұсынылды
Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен жергілікті әкімдік және уәкілетті органдардың ұйымдастыруымен пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарына «Enbek Hub-Qyzylorda» атты ауқымды жәрмеңке өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Алматы облысында қалдықтарды қайта өңдейтін 8 жаңа зауыт бой көтереді
Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласында жалпы құны 148,8 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Мамыр, 2026
Төреші шешіміне ашуланған футбол жанкүйерлері Ливия Үкімет үйін өртеп жіберді
Триполиде «Әл-Иттихад» футбол клубының жанкүйерлері Ливия Үкіметі ғимаратының қасбетін және оның алдындағы аумақты өртеп жіберді. Бұл оқиға «Суэхли» клубына қарсы матчтағы даулы эпизодтан басталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Түркия арасында жаңа стипендиялық бағдарлама іске қосылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл келісім Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Автобуспен 1,5 сағат: LRT арқылы әуежайдан вокзалға дейін қанша уақытта жетуге болады?
Астанадағы ең көп талқыланған әрі көптен күткен жеңіл рельсті көліктің (LRT) қозғалыс схемасы қаланың электронды карталарына енгізілді. Енді елорда тұрғындары мен қонақтары болашақ көлік бағытын смартфон арқылы 3D форматта көре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
2025 жылы «Қазцинк» компаниясының Өскемен қаласындағы зауытына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.