Әлем • 18 Сәуір, 2026
Андаман теңізіндегі апат: 250 адам мінген кеме суға батып, 9 адам ғана аман қалды
Бенгаль шығанағы мен Андаман теңізіндегі жағдай соңғы жылдардағы ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың біріне айналды. Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жыл рохинджа босқындары үшін ең қатерлі кезең болды. Теңіз айдынында 900-ге жуық адам қаза тауып немесе хабар-ошарсыз кеткен. Ал соңғы он жыл ішінде бұл суларда 5 мыңға жуық босқын ажал құшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «Отбасы банк» бірлесіп, теміржолшылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік жобаның бірінші кезеңін іске қосты. Бұл бастама пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін өндірістік сала қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2026
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Астанада азаматтардың сеніміне кіріп, ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ол 17 адамды алдап, 7,4 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында үшінші ұлттық бітімгерлік контингенттің дайындық барысын пысықтады. Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясын орындауға сақадай сай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2026
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Түркияның Измир қаласында білім ошағына қарулы шабуыл жасамақ болған сегіз адамнан тұратын топ қолға түсті. Күдіктілердің басым бөлігі мектеп жасындағы жасөспірімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Сәуір, 2026
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Кеше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынның басты тақырыбы – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігі мен бұл бағыттағы проактивті жұмыс нәтижелері болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Ұлттық кітап күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде «Weekend. Book. Vibes» атты ауқымды іс-шаралар легі бастау алды. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған бұл бастама кітап оқуды насихаттауға, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың әдебиетке деген ықыласын оятуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Қарағанды облысында екі мотоциклдің қатысуымен болған апат екі адамның өмірін қиды. Тағы бір адам жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Сәуір, 2026
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Елімізде қылмыспен күрестің заманауи тетіктері жаңа деңгейге көтерілді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құрылымында қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 18 Сәуір, 2026
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Қазақстанда 2050 жылға қарай кемінде үш атом электр станциясын іске қосу жоспарланған. Бұл көрсеткіш еліміздің атом саласын дамытудың жаңа стратегиясында айқындалған. Мамандардың болжамынша, электр энергиясын тұтыну деңгейінің артуына байланысты болашақта төртінші станцияны салу жобасы да іске асырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.