Экономика • 19 Наурыз, 2026
30 млн теңгеге пәтер алу үшін қанша табыс керек?
Елімізде екінші нарықтан 30 млн теңгеге пәтер алу үшін ай сайынғы табыс көлемі банк талаптарына тікелей байланысты. Сарапшылардың есебінше, ең төменгі бастапқы жарнамен ипотека рәсімдеу үшін айлық табыс кемінде 1 млн теңгеге жуық болуы тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 19 Наурыз, 2026
Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Turkistan» газетінде жария көрген «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында Қазақстанның сыртқы саяси бағытының трансформациясына ерекше назар аударылған. Еліміздің бойтұмарына айналған көпвекторлы сыртқы саясат қазіргі жағдайда сапалық тұрғыдан жаңа мазмұнға ие болғаны атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Наурыз, 2026
Балабақша мен колледждерде дау-дамайды реттейтін медиация қызметтері құрылады
Елімізде мектепке дейінгі және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарында медиация қызметтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл бастама білім беру ортасындағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешіп, буллингтің алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері бірнеше өңірде пара алу, өкілеттікті теріс пайдалану фактілері тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Наурыз, 2026
Қазақстан жаһандық экономикалық рейтингте 36-орынға тұрақтады
Қазақстан сатып алу қабілетінің паритеті бойынша әлемдегі ең ірі экономикалар рейтингінде 36-орынға жайғасты. Сарапшылар ел экономикасының көлемін шамамен 973 миллиард доллар деп бағалап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 19 Наурыз, 2026
Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні
Жер аяғы кеңіп, тіршілік атаулы қайта жандана бастаған шақта қазақ жұрты бір-бірімен көрісіп, Наурыз мейрамын қарсы алады. Бұл айда Самарқанның тасы ерігендей, адамдардың көңіл мұзы жібіп, өкпе-реніш ұмыт болады. Ұлыстың ұлы күні тек табиғаттың емес, адамның да ішкі жаңаруына бастайтын рухани кезең, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Наурыз, 2026
Трамп: Иран Қатарға соққы жасаса, Оңтүстік Парс жойылады
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы шиеленіс ушыға түссе, Иранның стратегиялық маңызы зор Оңтүстік Парс газ кен орны толық жойылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Наурызнама • 18 Наурыз, 2026
Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар
Жер аяғы кеңіп, тіршілік атаулы қайта жандана бастаған шақта қазақ жұрты бір-бірімен көрісіп, Наурыз мейрамын тойлайды. Бұл айда Самарқанның тасы сияқты адамдардың көңіл мұзы жібіп, өкпе-ренішті ұмытады.
Білім • 18 Наурыз, 2026
Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі Үкіметке жолдаған сауалында жоғары және орта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, білім сапасын бақылауды толық цифрландыруды ұсынды. Халық қалаулыларының айтуынша, бірқатар оқу орындарында студенттер формалды түрде тіркеліп, іс жүзінде білім алмай-ақ диплом иеленіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Депутат: Электрондық сауда полигондарға түсетін жүктемені жылдан-жылға арттырып отыр
Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, электронды сауданың қарқынды дамуы аясында экологиялық жүктемені азайту мәселесін көтерді. Халық қалаулылары қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды тиімді басқару бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.