Президент • 03 Ақпан, 2026
Тоқаев Пәкістанға барды: Жойғыш ұшақтар Президент ұшағымен қатарласып ұшты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен аттанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады
Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тіл мәселесі қайта қаралды. Қоғамда айтылып жүрген сауалдарға жауап берген сарапшылар негізгі заңда қазақ тілінің орны өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Экономист әлеуметтік түйткілдер туралы: Атау ауыстыру мәселені шешпейді
Әлеуметтік шығындарға қыруар қаржы бөлінгенімен, нәтиже көңіл көншітпей тұрған тұста қоғамда жүйенің тиімділігіне қатысты сұрақ көбейді. Экономист Ерлан Кәрімов еліміздің әлеуметтік қаржыландыру моделін қайта қарауды ұсынып, Сингапур тәжірибесін мысалға келтіреді. Оның пайымынша, мәселе қаражат көлемінде емес, оны басқару логикасында, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция жылдық мәнде 12,2%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсанымен (12,3%) салыстырғанда сәл төмендеген. Алайда айлық динамикада баға өсімі жеделдеп, 1%-ға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Ақпан, 2026
Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
Халықаралық футбол федерациясы наурыз айында өтетін FIFA Series-2026 турнирінің кестесін бекітті. Шағын турнир 25-28 наурыз күндері елордадағы Астана арена стадионында ұйымдастырылады. Ұлттық құрама Комор аралдары құрамасына қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Серік Жұманғарин Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесті. Келіссөз кезінде 30 жылдан аса уақыт ішінде Қазақстан мен Вьетнам арасында саяси диалог дәйекті түрде дамып, үкіметаралық және парламентаралық өзара іс-қимыл нығайып келе жатқаны атап өтілді. Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел көшбасшылары ең алдымен сауда, инвестиция, көлік және логистика, АӨК және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің нақты бағытын белгіледі. Қазақстан 2026 жылы өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті. Осы жылдың ортасында Вьетнамға сауда-экономикалық миссия жіберуге дайын, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
FlyArystan әуе компаниясы 1 наурыздан бастап тегін қол жүгінің салмақ шегін 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Ақпан, 2026
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Жыл басынан бері елде 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 110-ы сыбайлас жемқорлық деректеріне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиға қоғам назарын ерекше аудартты. 21 қаңтар күні басқарма басшысы, бокс бойынша Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында болған кикілжің болған. Бүгін екі қызметкердің де жұмыстан шыққанды мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.