Ауа райы • 03 Ақпан, 2026
Еліміздің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі
3 ақпанға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның батысында және солтүстігінің жекелеген өңірлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Ел аумағы бойынша синоптикалық жағдайды «Қазгидромет» жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Ақпан, 2026
Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді
Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда барлық көлік түріне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Асхат Рақымжанов: Конституция – нормалар туралы әңгіме емес
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, реформаны тек заңнамалық өзгеріс емес, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін қайта айқындайтын шешім деп бағалады. Партия өкілдерінің айтуынша, заңдағы өзгерістер азаматтың құқығын қорғап, биліктің ашықтығын күшейту керек, деп жазады Egemen.kz.
Архив • 02 Ақпан, 2026
Шерхан Мұртазаның 6 мың парақ мұрасы цифрланды
Қазақ көсемсөзінің жоталы жолбарысы – Шерхан Мұртазаның «Egemen Qazaqstan» газетінде редакторлық еткені мәлім. Қолының табы, көзінің нұры қалған редакция мұрағатында қаламгердің шығармашылық зертханасынан хабар беретін құнды қолжазбалар мен құжаттар, фотосуреттер сақталған еді. Сол қолжазбаларды алдағы заманға аман жеткеру үшін өткен жылдың қазан айында Шерағаның жәдігерлері ұлттық архивке табысталды. Бұл – аманат жүгін арқалаған тарихи шешім және маңызды қадам болды. Енді сол аманат толық жүйеленіп, зақымданған жазбалар қалпына қайта келтірілді. Соған орай және баспасөз күнінің аясында Ұлттық архив ұжымы «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын ұжымы «Қазақ газеттері» серіктестігімен селбесе ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Ақпан, 2026
Балбал тастан баспасөзге дейін: Әлем неге газет оқи бастады?
2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні. Адамзат тарихының соңғы екі ғасырлық мұғдарында жаңбыр жаумай, егін шықпай қалған күндер болғанымен, жаңалықтың жаршысы – газеттің шықпай қалған күні жоқ. Қазір ол ел өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап береді және Қазақстан мемлекеттілігінің іргесін нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Жаңа Ата Заңның жобасында қандай мызғымас қағидаттар бекітілді?
Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 30 Қаңтар, 2026
QazMed Digital: Медициналық волонтерлік жаңа деңгейге шықты
Елімізде медициналық волонтерлікті жүйелі дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды. 2025 жылы QazMed Digital онлайн-платформасы іске қосылып, саладағы еріктілерді оқыту мен үйлестірудің бірыңғай тетігі қалыптасты. Платформада 10 оқу модулі ұсынылып, оған 2 500-ден астам волонтер тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 30 Қаңтар, 2026
Жануарларға жанашырлық мәдениеті қалыптасып келеді
Елімізде жануарларға ізгілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүйелі сипат ала бастады. 2025 жылы Ұлттық волонтерлік желі Мәдениет және ақпарат министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Kazakhstan for Animals» жобасын жүзеге асырды, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 30 Қаңтар, 2026
Волонтерлерге арналған жаңа платформалар құрылады
Алматыда Волонтерлер форумы басталды. Салтанатты жиынды Мемлекет басшысының өзі ашып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев ерікті болудың ерен еңбек екенін, Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі болатынын айтты. Сонымен қатар халықаралық ықпалдастықты арттыру маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.