Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1265 материал табылды

Аймақтар • Кеше

Өнер ұжымдары ынталандырылды

Талдықорғандықтар өнер мен руханияттың мерейін асырып, мәртебесін көтеруді көздейді. «Жер жаннаты – Жетісу» телевизиялық байқау-бағдарламасының финалдық кезеңі түйінделгенде, аудандар мен қалалардан қатысқан ұжымдардың өнерін тамашалап қана қоймай, оларға деген ерекше қолдаудың куәсі болдық.

Театр • Кеше

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Бикен Римова атындағы акаде­миялық драма театры бұл жолы көрерменін поэзия әлеміне жетелеген ерекше кештің куәсі етті. Қазақтың мұзбалақ ақыны М.Мақатаевтың 95 жыл­дығына орай «Мұқағали» атты моноспектакль сахналанып, руханиятты сағынған жұртшылыққа әсерлі тарту жасалды.

Аймақтар • 03 Ақпан, 2026

Талдықорған түрленіп келеді

Талдықорған қаласы кейінгі жылдары қарқынды даму жолына түсті. Алдағы жылдары қосымша 3 шағын ауданның іргесі қаланады. Жаңа мектептер мен медицина мекемелері ашылады. Қала экономикасында тұрақты өсім сақталған. Мәселен, өткен жылы бұл көрсеткіш 107%-ды құрады.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026

Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген

Жетісу облысында экологиялық туризмді дамытуда «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері негізгі бағытқа айналды. Инфрақұрылымның жақсаруы нәтижесінде бұл нысандарға келушілер саны айтарлықтай өскен: 2024 жылы 27 мың турист тіркелсе, өткен жылы көрсеткіш 39,5 мыңға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Руханият • 31 Қаңтар, 2026

«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

Бикен Римова атындағы Академиялық драма театрында қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мұқағали» атты моноспектаклі сахналанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жануарлар • 29 Қаңтар, 2026

Жетісуда мал саны өскен

Жетісу облысында мал шаруашылығы саласы өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саланың жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артып, 198,3 млрд теңгеге жеткен. Әсіресе ет өндірісі 4,6%-ға, сүт өндірісі 4,4%-ға ұлғайып, өңірдегі аграрлық сектордың әлеуеті айқын көрінді. Бүгінде облыстағы мал басы 2,3 млн басқа жуықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 29 Қаңтар, 2026

Талдықорғанда Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына арналған дәстүрлі ән кеші өтті

Талдықорғанда Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ән саламын» атты дәстүрлі ән кеші ұйымдастырылды. Тағылымды музыкалық кешке Д. Рақышев атындағы облыстық филармониясы ұйытқы болды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2026

Әлеуметті қолдау шараларының шапағаты

Жетісу облысында ха­лықты әлеуметтік қол­дау шаралары жан-жақты жүргізіліп ке­ле­ді. Қиын өмірлік жағ­дай­ларға тап бол­ған аза­маттарға әлеу­мет­тік-тұрмыстық, ме­ди­циналық, психо­ло­гия­лық, құқықтық көмек, материалдық қолдау көр­сету бағытындағы жұ­мыс­тар жемісін беріп отыр.

Білім • 28 Қаңтар, 2026

Жетісу мектептерінің жайы қалай?

Өңірдегі білім саласына біржақты пікір айтуға келмейді. Бұрынғыдай емес, шалғай ауылдардағы орта мектептерді басым бөлігі заман талабына сай жасақталды. 3 ауысымды білім ошақтары жоқ. Жаңа оқу нысандары бой көтерді. Білім сапасы біртіндеп ілгерілеп келеді. Ендігі бір мәселе – маман тапшылығы. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр.

Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026

Жетісу мәдениеті жандана түсті

Мәдениет десе, көптің ойына сахна, ән мен күй, театр мен кітап келеді. Ал сол рухани байлықтың көлеңкесінде көзге көріне бермейтін, бірақ ел жадын, халық тағдырын сақтап тұрған бір сала бар. Ол – архив пен құжаттама. Жетісу өңірі бұл бағытта жетіліп келеді. Өңірде мәдени мәселелер де жоқ емес. Дегенмен жаңадан салынған мәдениет үйлері шалғай ауылдардың рухани өміріне дем берді.

Яндекс.Метрика