Саясат • Кеше
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады
Парижде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі Континенттік Еуропа департаментінің директоры Брис Рокфейдің қатысуымен қазақ-француз саяси консультацияларының 11-ші раунды өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 03 Ақпан, 2026
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Жыл сайын миллиардтаған құс құрлықтар мен мұхиттарды кесіп өтіп, мыңдаған шақырымдық сапарға шығады. Бұл құбылыс табиғат көрінісі ғана емес, экожүйелердің тепе-теңдігін сақтауда шешуші рөл атқарады. Алайда климаттың өзгеруі, урбанизация және мекен ету ортасының жойылуы қоныс аударатын құстардың тіршілігіне елеулі қауіп төндіріп отыр. Бұрын ғалымдар құстардың көшуін зерттеу үшін негізінен көзбен бақылау мен белгі тағу әдістеріне сүйенетін. Бұл тәсілдер көп уақытты талап етіп, кең ауқымды мәлімет беруге мүмкіндік бермейтін. Қазір бұл салаға жасанды интеллект батыл қадаммен еніп, зерттеу әдістерін түбегейлі өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 31 Қаңтар, 2026
Қазақстанға жиырма жылдан кейін қонаққа келген халықаралық медиа сарапшы, FIPP жаһандық медиа қауымдастығының төрайымы, YPB Global Advisory компаниясының негізін қалаушы Юлия Бойлмен таяуда сұхбаттасудың сәті түсті. Маман KAZVRDIA HOLDING ұйымдастырған Qazaqstan Next форумына қатысты. Ол бізге берген шағын сұхбатында еліміздегі мәдени орта, жасанды интеллект пен жаһандық журналистиканың болашағы, сондай-ақ Қазақстан медиасының әлеуеті туралы ойымен бөлісті.
Әдебиет • 27 Қаңтар, 2026
«Мың бір түннен» шабыт алған Андерсен
Даниялық жазушы Ханс Кристиан Андерсен қиялдан туған ертегілері арқылы бүкіл әлемдегі балалар мен ересектердің назарын өзіне аударды. «Патшаның жаңа киімі», «Бұршақ үстіндегі ханшайым» сияқты шығармалары оның атын аспандатты. Балалық шағы кедейшілікте өткен оның өмір жолы «Ұсқынсыз үйрек» сияқты тамаша туындыларды жазуға тікелей әсер етті. Оның тынымсыз еңбегі мен асқақ қиялы көпке дейін шетқақпайланған, бірақ ақырында сұлу аққуға айналған кейіпкер туралы хикая жазуға шабыттандырды.
Әлем • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті
Үндістан астанасында өткен 11-ші Халықаралық ән-би фестиваліне (11th Music and Dance Festival) еліміздің өнерпаздары да қатысты. Аталған халықаралық алаңда қазақ өнерінің кең тынысы, кәсіби деңгейі мен заманауи үнқатысуы жарқын көрініс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026
Қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары Үндістанда оқырман назарына ұсынылды
Қазір Нью-Делиде дәстүрлі халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр. Экспозицияға қойылған қазақ кітаптарының жанрлық ауқымы кең: ел тарихын арқау еткен еңбектер, балаларға арналған әдебиет, сондай-ақ заманауи қаламгерлердің туындылары бар. Іс-шараны ұйымдастыруға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кітапхана және Қазақстанның Үндістандағы елшілігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Төрт жыл ғана мектепке барған Нобель иегері
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Грация Деледда мектепте бар болғаны төрт жыл ғана оқығанын білесіз бе? Ол артына өлшеусіз еңбек қалдырған италиялық қаламгер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кітапхана • 18 Желтоқсан, 2025
Ыстанбұл Рами кітапханасында алғаш рет «Қазақстанның ғылыми-әдеби бұрышы» ашылды
Жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми-әдеби бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйлады
Бейжіңде тұратын қазақ жазушысы Акбар Мәжит әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янның отбасына арнайы амандаса барып, оған қытай тілінде жарық көрген Абай туралы кітап пен Қазақстан музыкасы туралы антологияны сыйға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.