Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
144 материал табылды

Қоғам • Кеше

Әдебиеттің айбоздары анықталды

Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби байқауы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жүлдегерлер арасында газетіміздің бүгінгі тілшісі, жазушы Қанат Әбілқайыр мен бұрынғы тілшісі, ақын Хамит Есаман да бар. Әріптесіміздің бағы ұлттық сыйлықтың «үздік балалар әдебиеті» аталымы бо­йынша жанып отыр.

Digital • Кеше

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Қазіргі жаһандану дәуірінде білім – ең басты капитал. Алайда әлемнің үздік университеттерінде оқу бәріне бірдей қолжетімді емес. Құжаттық рәсімдердің күрделілігі, қымбат аударма қызметі мен кеңесшілер көптеген дарынды жастар үшін кедергіге айналып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен жаңа технологиялық – «yoonee.ai» платформасы Орталық Азия жастары үшін жаһандық білім кеңістігіне жол ашуды көздейді.

Басылым • 31 Қаңтар, 2026

Ұлттың рухани темірқазығы

Баспасөз – ақпарат тарату құралы ғана емес, ұлттың тарихи жады мен рухани тұтастығын сақ­тайтын маңызды инсти­тут. Бұлай дейтініміз, шетелде өмір сүріп жатқан қа­зақтар өздері тұрған елде газет-журнал шығарып, ұлттық бол­мысты сақтауға ұм­ты­лыс жасады. ХХ ғасыр­дың түр­лі саяси, әлеумет­тік сіл­кіністері салдарынан әлем­нің әр түкпіріне та­ра­ған қазақ диаспорасына баспасөз ана тілі мен ұлттық тамырды сақтау­дың бас­ты тетігіне айналды.

Digital • 30 Қаңтар, 2026

Стартап олжасы – 80 миллион доллар

Инженер Ерзат Дулат негізін қала­ған «Higgsfield» жасанды интеллект стар­табы инвесторлардан 80 миллион дол­лар көлемінде инвес­тиция тартты. Осы­лайша, компа­ния­­ның бағалануы 1,3 миллиард дол­лар­дан асып, ресми түр­де «юникорн» санатына енді. Бейне контент өндіру саласына жаңа серпін әкелген жобаның соңғы инвестициялық айналымына «Accel», «GFT Ventures», «Menlo Ventures» секілді жетекші венчурлық қорлар қатысты.

Көрме • 29 Қаңтар, 2026

«Аттила» есік ашты

Будапешттегі Мажар Ұлттық музе­йінде Мажар мәдениеті күні аясында ұйым­дастырылған «Аттила» атты халықаралық көрменің қонағы ретінде елімізден Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Әлкей Мар­ғұлан атындағы Археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы, сондай-ақ осы мекеменің жетекші ғалымдары қатысты.

Білім • 20 Қаңтар, 2026

Халықаралық деңгейдегі жетістік

Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді. Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев. Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды. Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.

Байқау • 17 Қаңтар, 2026

Актрисаның бірегей марапаты

Бейжіңде туған қазақ актрисасы Риза Әлімжанқызы Қытай телеөнер сала­сын­дағы ең беделді марапат «Flying Apsaras Awards» сыйлығын жеңіп алды. Ол «Minning Town» телехикая­сындағы рөлі үшін «Үздік актриса» атанды. Аталған драма 2021 жылдың қаңтар айында Қытайдағы бес ірі телеарнадан көрсетіліп, көрермен тарапынан жоғары бағаланды.

Басылым • 15 Қаңтар, 2026

Түркияда шыққан еңбек

Анкара университеті әлеуметтік ғылымдар институтының док­торанты Наргиз Бекеннің «Қазақ­стан медиа­сын­дағы әйел болмысы» монографиясы түрік тілінде жарық көрді.

Қоғам • 14 Қаңтар, 2026

Домбыраға құштар жапон жігіті

Кей адамның тағдырын бір ғана кездесу өзгертетін сәттер де болады. Бүгінгі кейіпкеріміз Акира Такегучидің де басынан өткен оқиғасы, әне, сондай бір қайталанбас шақтың белгісіндей. Ол алғаш домбыраны көрген сәтін әңгімелеуден жалыққан емес.

Таным • 13 Қаңтар, 2026

Линкольнге хат жолдаған қыз

1860 жылы президенттік сайлауға үш апта қалғанда, Нью-Йорк штатының Уэстфилд қаласында тұратын Грейс Беделл есімді он бір жасар қыз президенттікке кандидат Линкольнге үшбу хат жазады. Ол Линкольнге әкесі үйге әкелген плакаттағы суретті көргеннен кейін хат жолдағысы келгенін айтады.

Яндекс.Метрика