Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
144 материал табылды

Ғылым • 30 Желтоқсан, 2025

Зерттеудің абыройлы жылы

Көзді ашып-жұмғанша тағы бір жыл зулап өте шықты. Биыл еліміздің ғылым саласы табысты болғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек. Ахмет Байтұрсынұлы «Озған­дарға жету керек, жеткендерден озу керек» деген болатын. Бұдан бір ғасыр бұрын айтылған сөз қазір, әсіресе өзекті», деген болатын. Яғни ендігі жерде елімізде ғылымға көңіл бөлу жыл сайын арта түспек.

Таным • 30 Желтоқсан, 2025

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Кейінгі жылдары жасанды интеллект (ЖИ) қарқынды дамып, аударма саласына дендеп ене бастады. Онлайн аударма платформалары, нейрожелілерге негізделген жүйелер кез келген мәтінді бірер секундта бірнеше тілге аудара алады. Бұл жағдай «болашақта ЖИ адам-аудармашының орнын баса ала ма?» деген заңды сұрақ туғызды. Соған жауап іздеп, арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырған едік.

Басылым • 27 Желтоқсан, 2025

«Duke University» газетіндегі қазақ фольклоры туралы мақала

АҚШ-тың жетекші Дюк университетінің газеті 1957 жылы қазақ фольклоры туралы жарық көрген кітап хақында ақпарат жариялаған. Сол кезде әртүрлі баспалардан жарық көрген тарих, әдебиет, өнер, ғылым туралы кітаптарды студенттерге, оқырмандарға таныстыруды мақсат еткен бұл басылым біздің ел тарихы мен мәдениетін америкалық оқырмандарға сонау ертеден насихаттай бастаған. Мәтінде ғасырлар бойы қазақ тайпалары Орталық Азияның ұлан-ғайыр даласын мекендеп келгенін айтады. Сонымен бірге жылқы өсірумен айналысып, жауынгер әрі еркіндікке құштар бұл көшпелі халық бай әрі салыстырмалы түрде күрделі ауыз әдебиеті дәстүрінің иелері екенін жазады.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025

Қазақ хандығы туралы құнды еңбек

Тарих докторы, PhD, Токио шетел тілдері университетінің оқытушысы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының «Елдік феномен: Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей дипломатиялық құжаттары туралы тарихи-деректанулық зерттеу» атты кітабының тұсаукесері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы мен Алматыдағы Ғылым ордасында өтті. Аталған еңбек Токиода жарық көрген.

Білім • 25 Желтоқсан, 2025

Меруерт Бижанова: Оксфорд бала күнгі арманымды орындады

Бүгінде заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген сөзі ақиқатқа айналды. Жас болса да топ жарып, 24 жасында әлемге әйгілі Оксфорд университетінің докторантурасына оқуға түскен Меруерт Бижановамен жақын танысып, оның ғылым жолындағы жетістігі туралы әңгімелескен едік.

Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2025

Халықаралық валюта қорында – Қазақстан күні

Халықаралық валюта қорының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан күні» атты ресми іс-шара өтті.

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025

Қолжазбаларды зерттеу жанданады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу базасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында қазақ зерттеушілері АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард университетіне ғылыми іссапармен барды. Жоба «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифр­ландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» деп аталады.

Таным • 23 Желтоқсан, 2025

Лондондағы қазақ портреті

1803 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қала­сында «Ресей империя­сының киім мәдениеті» атты кітап В.Миллер және басқа авторлар тарапынан жарық көрді. Бұл – империя құрамындағы халықтардың киім-ке­шек мәдениетін Батыс әлеміне таныстыруды мақсат еткен бірден-бір еңбек. Ағылшын және фран­цуз тілінде түсін­дірме беріліп, әр халық­тың киім үлгісі туралы ақпарат жеткізетін еңбек­тің біздің мәдениет үшін маңызы жоғары. Төменде кітапта жа­зылған түсіндірмені қаз-қалпында аударып беріп отырмыз.

Руханият • 18 Желтоқсан, 2025

Қазақ ойшылы Америкаға қалай танылды?

Бір сәт алып ағаштың сансыз жапырағын тербеп тұрған желдің қаншалықты қуатты екенін ойлап көріңізші. Ал ғұмырлық мұратты, маңдайдан басқан маңғаз ұйқыны, қалғыған қоғамды оятуға да соншалықты күш керек. Біздің қазақ қоғамына ол күш Абай Құнанбайұлы болды.

Тағзым • 18 Желтоқсан, 2025

«Талтүстегі» қоңыр күй

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өшпес із қалдырған көрнекті жазушы, күйші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың 70 жыл­­дығына орай Астана­дағы Роза Бағланова атындағы «Қазақ­кон­цертте» «Талтүстегі қоңыр күй» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.

Яндекс.Метрика