Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
144 материал табылды

Әдебиет • 13 Қаңтар, 2026

Ажалсыз Шерлок Холмс

Қазақ оқырманына бұл жазушының әйгілі кейіпкері 60-жылдардан таныс (қазақшаға орыс тілінен аударғандар – Т.Кәкішев пен Қ.Орманбаева). Сол ағылшын жазушысы Артур Конан Дойль 1893 жылы кенеттен күтпеген бір іс жасады. Ол сериалы детективті шығармасына кейіпкер болған Шерлок Холмсты «өлтірді». Сол тұста Холмс жай ғана кейіпкер емес, жұрт арасында нағыз құбылысқа айналған еді. «The Strand Magazine» журналында жарияланған оның детективтік оқиғалары Ұлыбритания мен өзге елдердің оқырмандарын бірден баурап алды. Әр жаңа сан шыққан сайын оқырмандар теміржол дүңгіршектерінде кезекке тұрып, журналдың кезекті санын алуға асығатын.

Digital • 10 Қаңтар, 2026

Спорттық коучингке арналған бағдарлама

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жоба «Iron-BARS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылмақ.

Жәдігер • 10 Қаңтар, 2026

Екі ғасыр бұрынғы қазақ әйелінің бейнесі

1803 жылы Лондонда жарық көрген «Ресей империясының киім мәдениеті» атты кітапты В.Миллер бастаған автор­лар әзірлеген. Бұл – сол кезде империя құрамында өмір сүрген әртүрлі халықтардың киім-кешек мәдениетін Батыс әлеміне таныстыруды мақсат еткен құнды еңбек.

Қоғам • 09 Қаңтар, 2026

Асықтан ұялы телефонға дейін...

Бұрын сайын сахарада атқа мініп, асық ойнап, ата-анасына қамқор болып жүретін балалардың көбі қазір төрт қабырғаға қамалып, қозғалыстан қалды. Әртүрлі технологиялық ойындар мемлекеттік шекарадан асып, мұхиттан өтіп, балалардың санасына сіңіп үлгерді. Қамсыз күйде қолына телефон ұстап, әлдебір түсініксіз ойындарға елігіп отырған балалардың жағдайы бізді сәт сайын үрей құшағына сүңгітеді. Жаңа ойындардың сиқыры мен әлем-жәлем бейнелері балалардың тат шалмаған тап-таза әлеміне қандай әсер етіп жатқанын, құдай білсін!

Жәдігер • 09 Қаңтар, 2026

Мұстафа Шоқайдың бірегей суреттері

Алаш көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқай мен оның жары Мария Шоқайға тие­­сілі от­басылық фото­аль­бомның түпнұсқасы Астанадағы Ұлттық музей қорына табыс­талды.

Таным • 07 Қаңтар, 2026

Нобель лауреаттары сыйақысын қалай жұмсады?

Нобель сыйлығы – тек медаль мен мадақ қана емес, сонымен қатар қомақты қаржылай табыс. Қалай дегенмен де, аталған жүлденің қаржысы ниеттің де көрінісі екені анық.

Тарих • 06 Қаңтар, 2026

Бакуден басталған үн

2026 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезіне бір ғасыр толады. Бұл алқалы жиын өткен ғасырдағы түркі халықтарының ғылыми, мәдени және рухани тағдырына айрықша әсер еткен, тарихи салмағы аса үлкен оқиғаның бірі болды. Яғни бұл басқосуды түркі дүниесінің ғылыми тоғысы ретінде бағалаған дұрыс.

Пікір • 05 Қаңтар, 2026

Қалам қиcайса, қасірет

1933 жылы «The New York Times» газетінің тілшісі Уолтер Дюранти «Кеңес одағында аштық болған жоқ» деген мақала жариялап, айды аспаннан бір-ақ шығарады. Ол бір жыл бұрын Пулитцер сыйлығын алған еді, тіпті осы марапаты әлі күнге сақ­талып келеді. Ал дәл сол уақытта қазақ дала­сында, Украи­на­да миллиондаған адам аштық­тан қара жер құшып жатты. Соны біле тұра алпауыт басылым­ның тілшісі әлем оқыр­ман­да­ры­на неге жалған ақпарат берді? Әрине, Сталиннің қылмысын жасыру үшін.

Руханият • 31 Желтоқсан, 2025

Нобель, Букер және біз

Қазір үндістандық жазушы Аравинд Адиганың «Ақ жолбарыс» атты романын оқып жүрмін. Атақты «New York Times» бұл кітапты ең өтімді кітап деп әлемге таныстырыпты. Сөйтетін де жөні бар. Шығарма өзіне қызықтырады. Ара-тұра езу тартатын тұстары да жоқ емес. Тіпті автор өз көзімен көргендерін философияға айналдырып жібергендей. Оқыңызшы, бүй дейді: «Мұсылмандардың бір құдайы бар, християндардың үш құдайы бар. Ал үнділердің 36 миллион құдайы бар», дейді бірде. Осы сөйлемді оқып, терең ойланасыз. Әр түрі дін, ағым мен көзқарас, тіршіліктің тауқыметі қоғамды ала-құла ойлауға, шөпті де шөңгені де өлең деуге мәжбүр етеді екен. Автор меніңше, соны айтып тұр.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этностық қазақ қандас мәртебесін алған. Жыл сайын өсіп келе жатқан бұл көрсеткіш шетелдегі қазақтардың атажұртына көптеп оралып жатқанын дәлелдейді.

Яндекс.Метрика