Оқиға • Кеше
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде KEGOC-тың негізгі қосалқы станцияларының қуаты күшейтілді
KEGOC 2025 жылы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан негізгі қосалқы станциялардың қуатын арттырды. Компания соңғы жылдары электр желілеріне жүктеме қатты артқан салаларда, яғни өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен қалалық аймақтарда трансформаторлық қуатты ұлғайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
5G трафиктің айтарлықтай бөлігін иеленіп үлгерді
Қазақстанда 5G дамуы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Енді мәселе тек ең жоғары жылдамдықта емес. Трафик ұлғайған сайын желінің сыйымдылығы мен байланыстың тұрақтылығы маңыздырақ бола бастады. Отандық жетекші ұялы байланыс операторы Kcell 2026 жылдың басына қарай 2586 дана 5G базалық стансасын іске қосты. Бұл лицензиялық міндеттемеде көрсетілген деңгейден (1959) шамамен үштен бірге көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 30 Қаңтар, 2026
Оқушылар өмірдің өзін сахналады
Астанадағы №119 жалпы орта білім беретін мектепте «Тәртіп пен жауапкершілік» тақырыбында театр фестивалі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Заң мен Ар таразысы: Ажырасу кезінде ортақ мүлік қалай бөлінуі тиіс?
Бір отбасының бүлінуі тек ерлі-зайыптылардың жеке мәселесі емес. Ажырасу – мемлекеттік деңгейде зерделеніп, назар аударылатын әлеуметтік маңызы зор түйткіл. Себебі әрбір ажырасудың артында ана мен баланың тағдыры тұр.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Дихан Қамзабекұлы: Қазақстанның білім беру саясатындағы зайырлы қағидаттарды бекіту қажет
Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегі зайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі елдің дамуына қатысты маңызды бағдарларды айқындап берді. Соның ішінде Президенттің Абай іліміне, патриотизм мен жаңа дәуір талаптарына бейімделу мәселелеріне терең тоқталуы бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса өзекті деп санаймын.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Баспа саласы білім мен мәдениеттің сенімді тірегіне айналуы тиіс
Ұлттық құрылтайда айтылған ойлар кітапхана, цифрлық мұра және білім мазмұнына қатысты елдің рухани даму бағытын айқындады. Бұл бастамалар баспа саласына да жаңа жауапкершілік жүктейді.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Мейіргүл Жетпісбаева: Парламент қызметін қайта құру мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі еліміздің саяси жүйесін түбегейлі трансформациялаудың жаңа бағдаршамына айналды. Бұл баяндама жай ғана өзгерістер емес, Қазақстанның мемлекеттік құрылымының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуін айқындап берді.
Мәдениет • 15 Қаңтар, 2026
Түркі әлемі: Аналардың тілегі бір
Биыл Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған соң, онда түркі елдерін байланыстыратын іс-шаралар көптеп өткізіле бастады. Солардың бірі – 15-16 мамырда Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің «Ана. Қоғам. Болашақ» атты халықаралық форумы. Аталған жиында көтерілген мәселелерді саралай сөйлегенде Сабри Альптекин түркі халықтарының тамыры бір, мәдениеті ортақ, тілі ұқсас екенін айта келіп, бізді әлі де жақындастыра түсетін жобалардың керек екенін, соның ішінде, қоғамдық негізде халықаралық аналар ұйымы құрылуының маңызын атап өтті.
Парламент • 15 Қаңтар, 2026
Бүгін «Turkistan» газетінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.