Фото: 24 kz
Дональд Трамп бұл туралы G7 саммитінде сөйлеген сөзінде айтып, АҚШ пен Иран арасында жасалған уақытша бітім келісімінің негізгі шарттарын жария етті.
BBC агенттігі мәліметінше, Трамп Ливандағы қақтығыс қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асуына кедергі келтірмейтініне сенімді.
Бұған дейін ол Израиль премьер-министрін сынға алып, өңірдегі әскери әрекеттер Иран төңірегіндегі жағдайды реттеуге бағытталған күш-жігерін қиындатып отырғанын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ Ақ үй басшысы келісімнің толық мәтінін жуырда жариялауды жоспарлап отыр. Құжатқа ресми түрде қол қою рәсімі осы жұма күні Женевада өтеді.
Еске сала кетейік, Пәкістан билігі АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісім жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар Ливанда атысты тоқтату жөнінде де келісімге қол жеткізілгені айтылды.