Оқиға • Бүгін, 11:45

Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты

1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында «Қызылжар» мешіті имамының ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты

Фото: muftyat.kz

20 жастағы қыз имамның кабинетіне кіріп, сырт киімнің қалтасынан 36 500 теңге алып кеткен. Кейін оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалып, құқық қорғау органдары күдіктіні тез арада анықтады.

Сотта ол өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Имам оған кешірім беріп, бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды өтінген.

Сот айыпталушының бұрын істі болмағанын, кішкентай баласы бар екенін ескеріп, 1,5 жыл шартты жаза тағайындады. Сонымен қатар ол өтемақы қорына шамамен 65 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Петропавлда пәтер ұрысы бейнебақылаудың арқасында қолға түсті

Еске сала кетейік, жыл басында Алматы қаласына қарасты Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық дерегін әшкерелеген болатын. Күдікті ретінде ер адам ұсталып, оның намаз уақытында ұялы телефон, әмиян және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар