Заң • Кеше

Алматыда алаяқтардың құрығына ілінген зейнеткерлер 1,5 млрд теңгесінен айырылды

1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен зейнеткерлерге қатысты интернет-алаяқтық жасауда күдікке ілінгендердің қызметі тоқтатылды. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда алаяқтардың құрығына ілінген зейнеткерлер 1,5 млрд теңгесінен айырылды

Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражаты бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.

Интернеттегі саудада сақ болыңыз: жаңа алаяқтық әдіс анықталды

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп келеді.

«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды

Қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы әлі де анықталып, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының атын жамылып жасалатын алаяқтық жағдайлары кездесіп жатқаны туралы ескертті.

Соңғы жаңалықтар