Әлем • Бүгін, 08:36

Иран Ормұз бұғазын толық жапты

1 мин
оқу үшін

Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабы Ормұз бұғазы арқылы барлық кемелердің, соның ішінде мұнай танкерлері мен сауда кемелерінің қозғалысына тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран Ормұз бұғазын толық жапты

Фото: istockphoto.com

Тегеран бұл шешім АҚШ-тың Иран аумағына жасаған қайталама соққыларынан кейін қабылданғанын атап өтті. 

«Осы сәттен бастап аймақтағы қауіпсіздік жағдайына байланысты Ормұз бұғазы барлық кеме түрлері үшін жабық деп жарияланады. Мұнай танкерлері мен сауда кемелерін қоса алғанда кез келген кеменің бұғаз арқылы өту әрекетіне соққы беріледі», делінген штаб мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының әскери-теңіз күштері бұғаздан өтуге талпынған екі кемеге соққы жасағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ әскери күштері Иран аумағына соққы жасады. Пентагон бұл операцияны америкалық Apache тікұшағы атып түсірілген соң жүзеге асырғанын хабарлады.

Кейін Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Ақ үйдің әскери соққыларына жауап ретінде Бахрейндегі АҚШ-тың 5-флоты күштеріне дрондармен шабуыл жасады.

Соңғы жаңалықтар