Қазақстан • Бүгін, 17:37

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылайды.

Бұған қоса президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

Ал 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Соңғы жаңалықтар