Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03

Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алдағы жылдары еңбек нарығы жасанды интеллектінің ықпалымен айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Шамамен 4 миллион тұрғын жаңа еңбек жағдайларына бейімделуге мәжбүр болады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады

Фото: Ашық дереккөз

Салалық министрліктің болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай кәсіптердің 44%-ы жасанды интеллект әсерінен трансформацияланады. Бұл өзгерістер бірқатар мамандықтардың мазмұнын түбегейлі өзгертіп, жаңа талаптарды қалыптастырады.

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді

Сонымен қатар еңбек нарығында құрылымдық өзгерістер күтіліп отыр. Кейбір мамандықтарға сұраныс төмендейді. Болжам бойынша, шамамен 4% жұмыс орнына сәйкес келетін 46 мамандық қысқарады, ал 14 мамандық мүлдем жойылуы мүмкін.

Дегенмен, бұл үдеріс тек қысқартулармен шектелмейді. Керісінше, технология мен экономика тоғысындағы жаңа бағыттар қалыптасып, жаңа мамандықтарға сұраныс арта түседі. Бұл – цифрлық экономика мен автоматтандыру дәуірінің негізгі ерекшелігі.

Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді

Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгерістер білім беру жүйесіне де жаңа талап қояды. Яғни, жасанды интеллект, цифрландыру және автоматтандыру жағдайында жұмыс істей алатын мамандарды даярлау басты міндетке айналады.

Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады

Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03