Фото: ҰОК
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Валерия Аксенова Венгрия өкілі Жофия Сираны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.
85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы бразилиялық Кауе Белинимен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 5:0 есебімен есе жіберді.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар. Бұған дейін Виктория Графеева (60 кг) алтын жеңіп алса, Алуа Балқыбекова (51 кг), Жібек Жарасқызы (80 кг) және Диас Молжігітов (80 кг) қола жүлдегер атанды.
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады