Қылмыс • Бүгін, 09:59

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының тұрғыны мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жасырын интернет-казино қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды

Тергеу мәліметіне сәйкес, қылмыстық схема мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген покер ойынына негізделген. Онда «Техас холдем» түріндегі ойын жүргізіліп, «Vendetta» және «AMG600L» атты ойын клубтары құрылған. Бұл клубтар «Nomad» желісіне біріктірілген.

Аталған жүйе тәулік бойы жұмыс істеп, Қазақстаннан ғана емес, Өзбекстан мен Қырғызстаннан да ойыншыларды тартқан. Қатысушылар мессенджерлер арқылы жарнамалық хабарламалар алып, бонус жүйесі арқылы ойынға қызықтырылған.

Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан

Ойыншылар өз шоттарын банк аударымдары арқылы толтырып, кейін сол қаражат «фишкаларға» айналдырылған. Ұтыс болған жағдайда ақша қайтадан банк карталарына шығарылып отырған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ұйымдастырушылардың табысы әр ойын үстелінен алынатын 3-5 пайыз комиссия арқылы қалыптасқан. Сонымен қатар ойыншыларды ұстап қалу үшін виртуалды қарыз беру жүйесі қолданылған.

Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды

Қаржылық ағындарды жасыру мақсатында «дропперлердің» банк шоттары пайдаланылған, олардың қатарында шетел азаматтары да болған. Бір шот үшін 100-200 мың теңге аралығында сыйақы төленген. Жалпы айналым 557 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар