Фото: Ашық дереккөз
Аптаның алғашқы күнінде еліміздің аймақтарында температуралық көрсеткіштер әркелкі болады:
- Солтүстікте – +10…+15 °C;
- Орталықта – +10…+18 °C;
- Батыста – +12…+20 °C;
- Шығыста – +8…+16 °C;
- Оңтүстікте – +15…+25 °C.
Астанада күндіз ауа температурасы +13…+15 °C жылылықты көрсетеді. Жауын-шашын күтілмейді, алайда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.
Алматыда күн райы құбылмалы. Күндіз +18…+22 °C жылы болады, бірақ жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанған.
Шымкентте жаймашуақ көктем сақталады. Ауа температурасы +22…+25 °C-қа дейін көтеріліп, негізінен ашық әрі жылы болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне, әсіресе таулы аймақтардағы нөсер мен солтүстіктегі түнгі үсікке байланысты сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.