Ғылым • Бүгін, 18:03

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Сәтбаев оқулары» Satbayev International Conference 2026 дәстүрлі халықаралық конференцияның ашылу салтанатына Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чун қатысып, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ тұрақты даму бағытындағы жүйелі еңбегіне пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

Профессор атап өткендей, бүгінгі Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып, экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруда озық үлгі көрсетіп отыр.

− «Сәтбаев оқулары» «Климаттың өзгеруінің салдарын бейімдеу және азайтуға арналған технологиялар мен инновациялар» тақырыбын арқау ете отырып, ғылым, мемлекет және бизнес өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдырды. Бұл тұрақты болашаққа бастар нақты шешімдер іздейтін маңызды алаңға айналды. Қазақстан мен Сәтбаев университетінің тұрақты даму мәселелеріне айрықша мән беруі мені ерекше әсерге бөледі, − деді Рае Квон Чун.

Э.Серікқызы

Қазақстан «жасыл» экономика қағидаттарын ерте қабылдап, «Жасыл көпір» бастамасын ұсынған алғашқы елдердің бірі. Бүгінде бұл бағыт нақты нәтижесін беріп, климаттық күн тәртібі экономикалық дамудың қуатты тетігіне айналып отыр.

12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні

«Turning Net-Zero into Growth and Job Creation Opportunities» атты негізгі баяндамасында сарапшы көміртектік бейтараптыққа көшу тек экологиялық жауапкершілік емес, сонымен бірге экономиканы жаңғыртудың, жаңа технологияларды енгізудің маңызды драйвері екенін атап өтті. Әсіресе университеттердің болашақ мамандарды даярлаудағы және тұрақты даму шешімдерін қалыптастырудағы айрықша рөліне тоқталды. Конференцияның басты идеясы – климаттық сын-қатерлерге тиімді жауап беру ғылым, мемлекет және бизнес арасындағы тығыз әріптестіктің нәтижесі. Бұл бағыттарға орай  форумда сөз сөйлеген Қанат Ерубаев, Арман Ашкин, Нұрсұлтан Қайынбаев, Нұрмұхамед Қартабаев, Қуаныш Омарбеков және академик Асқар Жұмаділдаев та өз пікірін білдірді.

Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды

Конференция  Сәтбаев университетінің ғылыми жетістіктер көрмесімен жалғасын тапты. Энергетика, материалтану, цифрлық технологиялар және экология салаларындағы тың әзірлемелер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, қонақтарға университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарына арнайы экскурсия ұйымдастырылып, заманауи зертханалар мен инновациялық инфрақұрылым таныстырылды. Satbayev International Conference 2026 («Сәтбаев оқулары») тағы да өз мәртебесін айқындап, жаһандық мәселелер талқыланатын және тұрақты болашақтың нақты шешімдері қалыптасатын беделді халықаралық алаң екенін дәлелдеді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар