Су тасқыны • Бүгін, 14:28

Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында қар еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі қауіпті көрсеткішке жақындап, көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді

«Қазгидромет» РМҚ БҚО филиалының директоры ТІлеген Шапановтың айтуынша, 29 наурыз сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша Орал қаласындағы гидропостта Жайық өзеніндегі су деңгейі тәуліктік есепте 95 см-ге көтеріліп, 229 см-ге жеткен (қауіп деңгейі – 850 см).

Борлин ауданындағы Жарсуат ауылында су деңгейі 343 см-ге (+35 см, қауіп деңгейі – 1 м), Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында 350 см-ге (+29 см, қауіп деңгейі – 850 см) жеткен. Ал Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылында керісінше, су деңгейі 65 см-ге төмендеп, 215 см болған.

Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты

Жайықтың қосалқы өзені Шағанда су деңгейі көтеріліп келеді. Бәйтерек ауданындағы Чувашинское ауылында – 710 см (+69 см, қауіп деңгейі – 1,3 м), Мичуринское ауылында – 454 см (+110 см, қауіп деңгейі – 1,1 м). Ал Деркөл өзенінде су деңгейі төмендеген.

Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ

Соңғы жаңалықтар