фото: ҰОК
Шешуші бәсекеде Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Элина Неплий мен Ксения Лоскутова тандемінен басым түсті.
Бас жүлде сарапқа салынған финалдық матч өте тартысты өтті. Алғашқы партияда жол бергеніне қарамастан, Құламбаева мен Яшина екінші сетте ойын тізгінін қолға алып, жеңісті ширеленісті өткен супер-тай-брейкте жұлып алды. Қорытынды есеп – 5:7, 6:4, 10:6. Айта кетерлігі, бұл табыс отандасымыз үшін алған жарақатынан айығып, кортқа қайта оралғаннан кейінгі осы маусымдағы алғашқы титул.
Жұптық сындағы жеңістен бөлек, Жібек жекелей кестеде де басты жүлде үшін күресті жалғастырып келеді. Жартылай финалдық кездесуде Құламбаева (WTA №419) жергілікті теннисші Зеел Десаиды (№583) сенімді түрде қапы қалдырды. Енді Нагпурдағы екінші титул үшін өтетін финалда қазақстандық спортшы Үндістанның тағы бір өкілі Сонал Патилмен (№1159) кездеседі.
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Айта кетейік, 10-11 сәуір күндері Жібек Құламбаева Қазақстан құрамасы сапында әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады. Астанада өтетін бұл сында біздің құрама Канада командасына қарсы ойнайды.
Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді