Фото: informburo.kz
Аталған өзгерістерге сәйкес, банктерге тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу үшін арнайы жеке лицензия алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар коммерциялық екінші деңгейлі банктерде ашылған депозиттерге жыл сайын берілетін мемлекеттік сыйлықақы есептелмейді.
Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен берілетін қарыздың пайыздық мөлшерлемесі тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасалған кезде белгіленеді және келісімшарттың толық мерзімі бойы өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов коммерциялық екінші деңгейлі банктердің бұл бағытта «Отбасы банкпен» бәсекеге түсе алатынына күмән келтіретінін айтты. Сарапшының пікірінше, лайықты бәсеке үшін коммерциялық екінші деңгейлі банктердің экономикалық жағдай «Отбасы банкпен» теңеспейді.
Десе де сарапшы қаржы институттары үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу қор тарту көздерін әртараптандыру, өнімдер желісін кеңейту және жаңа клиенттер тарту тұрғысынан әлеуетті әрі қызықты болуы мүмкін екенін жеткізді.