Медицина • Бүгін, 15:49

Елімізде нәресте өлімі 28,5%-ға азайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 2026 жылдың басынан бері туу деңгейі артып, өлім-жітім саны айтарлықтай азайған. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің тұрақты жақсарып келе жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде нәресте өлімі 28,5%-ға азайды

Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 1,8%-ға артып, жалпы өлім-жітім деңгейі 8,4%-ға төмендеген. Сондай-ақ елімізде нәресте өлімі 28,5%-ға азайған.

Нәрестені ширатқан орталық

Ал 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп отыр.

Бюро елімізде өлім-жітімге жиі себеп бола негізгі ауру түрлері бойынша да көрсеткіш төмендеп жатқанын жариялады:

  • Қанайналым жүйесі ауруларынан – 13,9%-ға, оның ішінде жедел миокард инфарктынан – 6,5%-ға;
  • Инсульттен – 7,8%-ға;
  • Қатерлі ісіктерден – 7,4%-ға;
  • Жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан – 2,3%-ға;
  • Тыныс алу жүйесі ауруларынан –18,7%-ға тұрақты төмендеуі байқалып отыр.

Илон Маск әлемдік туу көрсеткішін бейнелейтін карта ұсынды

Соңғы жаңалықтар