Халықаралық автомобиль федерациясы (FIA) мен жарыс ұйымдастырушыларының мәліметінше, бұл шешім аймақтағы әскери әрекеттерге байланысты қабылданған. Қауіпсіздік мәселесі басты орынға қойылып, екі Гран-при күнтізбеден алынып тасталды.
Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды
Осылайша, жарыс маусымында күтпеген үзіліс пайда болды. 29 наурызда өтетін Жапония Гран-приінен кейін келесі жарыс тек 3 мамырда Майамиде жалғасады. Ұйымдастырушылар бұл аралыққа басқа кезеңдерді ауыстыру жоспарланбағанын мәлімедеді.
Сонымен қатар негізгі жарыстармен қатар өтетін қосымша сериялар да тоқтатылды. Атап айтқанда, Формула-2, Формула-3 және F1 Academy кезеңдері де осы шешімге сәйкес өткізілмейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай спорттың саясаттан толық оқшау бола алмайтынын тағы бір мәрте көрсетті. Қауіпсіздік пен тұрақтылық – кез келген халықаралық жарыстың басты шарты.