Іс-шарада 15 наурызда өтетін республикалық референдум күні штабтың жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланады.
Кездесу барысында штаб өкілдері дауыс беру күні қоғамды жедел ақпараттандыру және мониторинг жүргізу жүйесі қалай ұйымдастырылатынын таныстырады. Сонымен қатар еліміздің әртүрлі қалалары мен өңірлерінен тікелей эфирдегі қосылымдар жоспарланып отыр. Өңірлерде тәуелсіз бақылаушы қызметін атқаратындар қатарында заңгерлер, оқытушылар, студенттер, қоғам белсенділері бар.
Жауапкершілік алатын кез келді: Сарапшы жастарды референдумға қатысуға шақырды
15 наурыз күні штаб «дауыс берудің арнайы картасын» ұсынуды жоспарлап отыр. Яғни, елдің әртүрлі аймақтарындағы сайлау учаскелерінен тікелей қосылымдар ұйымдастырылады. Көрермендер тек ресми мәліметтермен ғана емес, сондай-ақ оқиға орнынан дайындалған репортаждармен, сайлаушылармен және ерекше локациялардан жасалған қосылымдармен де таныса алады.
Брифинг барысында штаб өкілдері өңірлік үйлестірушілермен өзара іс-қимыл, дауыс беру күніндегі жұмыс форматы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтардың жаңартылған ақпаратты, тікелей эфирлер мен сараптамалық материалдарды нақты уақыт режимінде қайдан көре алатыны туралы да айтып береді.