Аймақтар • Бүгін, 10:12

Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында тасжолдардың уақытша жабылуына байланысты ҚТЖ компаниясы жолаушыларды теміржол арқылы тасымалдады, деп жазады Egemen.kz.

Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды

Фото: ҚТЖ

10-12 наурыз аралығында 7 пойыз арқылы 390 жолаушы қауіпсіз орынға жеткізілді.

10 наурыз күні Астана – Павлодар учаскесінде жолаушыларды №353 «Семей – Нұрлы жол» пойызына отырғызу ұйымдастырылды. Павлодар, Екібастұз, Шідерті және Ерейментау станцияларынан Нұрлы жол станциясына дейін 44 жолаушы жеткізілді.

Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?

11-12 наурыз күндері Ақтөбе – Атырау учаскесінде бірнеше пойыз бағыты арқылы жолаушылар тасымалданды:

№692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы Ақтөбе станциясынан Қандыағаш, Алға және Бестамақ станцияларына дейін 73 жолаушы тасымалданған.

№109 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 13 жолаушы жеткізілген.

№110 «Ақтөбе – Маңғыстау» пойызы Ақтөбе станциясынан Алға және Бестамақ станцияларына дейін 117 жолаушыны тасымалдады.

№34 «Ақтөбе – Алматы» пойызы Ақтөбе станциясынан Алға және Қандыағаш станцияларына дейін 44 жолаушы жеткізілген.

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

№691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы Қарауылкелді, Шұбарқұдық, Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 35 жолаушы тасымалданды.

а

Сондай-ақ, Павлодар – Астана учаскесінде жолаушыларды тасымалдау №139 «Павлодар – Пресногорьковская» пойызымен жүзеге асырылған. Шідерті, Ерейментау, Еркеншілік станцияларынан Астана станциясына дейін 64 жолаушы жеткізілген.

ҚТЖ компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы қысқы маусым басталғалы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздармен шамамен 2 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.

Соңғы жаңалықтар