Ауа райы • Бүгін, 12:30

7 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz

7 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?

2026 жылғы 7 наурыз сағат 08:30-дегі жағдай бойынша, республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат берілген:

Ақтөбе облысы:

«Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет өткізу пункті)» 39–136 км (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет шекаралық бекеті).

«РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» 776–1153 км (Ақтөбе қаласы – Ырғыз кенті) – тек жеңіл автокөліктер үшін.

Қостанай облысы:

«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» 8–218 км (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы).

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» 418–539 км (Қарабалық кенті – Қостанай қаласы).

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» 234–549 км (Ақтөбе облысы шекарасы – Қостанай қаласы).

«Денисовка – Жітіқара – Мүктікөл – РФ шекарасы» 0–50 км (Денисовка кенті – Жітіқара қаласы).

«Денисовка – Таврическое – Аршалы – Комаровка» 0–56 км (Денисовка кенті – РФ шекарасы).

«Қостанай – Мамлютка» 180–403 км (СҚО шекарасы – Тобыл қаласы).

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» 555–682 км (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Қостанай – Мамлютка» 226–305 км (Қостанай облысы шекарасы – Пресновка ауылы).

Қай жолдар жабық?

7 наурыз күні сағат 10:30-дан бастап келесі бағыттар бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды:

Ақмола облысы бойынша:

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тас жолының 346-407 шақырым аралығы (Жақсы ауылынан СҚО шекарасына дейін).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Дәл осы тас жолдың 407-429 шақырым аралығы (Чистополь ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, аталған учаскелерде қозғалыс 8 наурыз күні сағат 09:00-де ашылуы тиіс. Алайда бұл уақыт ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Ел аумағында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын және тұман күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Бүгін, 10:20

Сыйлыққа да талғам керек

Таным • Бүгін, 10:15

Кран тізгіндеген Рәзия

Әйел әлемі • Бүгін, 10:10

Бала деп байыз таппаған...

Қоғам • Бүгін, 10:05