Қоғам • Бүгін, 10:30

Адал еңбекке лайықты құрмет

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күні қар­саңында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдерге мемлекеттік награда табыстады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жар­лы­ғымен ғылым, мәдениет, ақпа­рат, архив және музей ісі салалары­ның, сондай-ақ қоғамдық инсти­тут­тардың өкілдері елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін жоғары наградалармен марапатталды.

Адал еңбекке лайықты құрмет

Салтанатты іс-шарада Аида Балаева мерекенің айрықша маңызын атап өтіп, мұндай марапаттар әйелдердің ерен еңбегіне, олардың кәсіби жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығына көрсетілген лайықты құрмет екенін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ал­дындағы елеулі еңбектеріңізді жоға­ры бағалап, сіздерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл мемлекет әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың отбасы құндылықтарын нығайтуға, түрлі сала­­ның дамуына қосқан үлесін әр­дайым жоғары бағалайтынының айғағы деп бі­лемін. Марапат сіздердің жеке жетіс­тік­тері­ңіз ғана емес, отбасыларыңыздың, бала­лары­ңыздың, ата-аналарыңыздың, әріп­­тес­теріңіз, өздеріңізбен бірге осы жол­да келе жатқан ұжымдарыңыздың ортақ ең­бегіне көрсетілген құрмет», деді Аида Балаева.

Үкімет басшысының орынбасары әйелдер қай кезде де қоғамда айрықша жасампаз рөл атқарып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жауапкерші­лігі, іске деген ұқыптылығы, шынайы жанашырлығының арқасында әйел­дер кәсіби қызметте жоғары нәтиже­лерге қол жеткізіп, мәдени әрі рухани құн­дылықтарды сақтауға, қоғамдық инс­титуттарды нығайтуға және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Мерекелік жиында «Құрмет» ордені­мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім бас­шысы Бақытжамал Айтмұхамбетова, Т.Шев­ченко атындағы мемориалдық музейдің қор сақтау және бұқаралық-экскурсия­лық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айгүл Балабаева, сондай-ақ Семей қаласындағы Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы Татьяна Титаева марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Орта­лық мемлекеттік ғылыми-техни­калық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева, Конфессияаралық және дінаралық диалогті дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың бас эконо­мисі Раушан Имантаева, Батыс Қазақ­стан облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы А.Пушкин музей үйінің меңгерушісі Асылжан Мырзаболатова, Ұлттық банк Қолма-қол ақша айналысы департаменті банкноттар мен монеталар дизайны басқармасының бас маманы-дизайнері Жанна Нүгербек, сондай-ақ «Хабар» телеарнасы «7 күн» бағдарламасы орыс редакциясының редактор-талдаушысы Алма Оразбаева марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Бүгін, 10:20

Сыйлыққа да талғам керек

Таным • Бүгін, 10:15

Кран тізгіндеген Рәзия

Әйел әлемі • Бүгін, 10:10

Бала деп байыз таппаған...

Қоғам • Бүгін, 10:05

«Альфа» да анадан туады

Пікір • Бүгін, 09:50